Оқи отырыңыз
Covid-19 медицинаның басымдығын айқындап берді - Серік Ақшолақов
Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың денсаулығын нығайту мен отандық медицинаны дамытудың маңызын айқындайтын бірқатар басты мәселелерді қозғады.
29 Мамыр, 2020
Шығысқазақстандық оқушылар сырлы бояудың сырына қанықты
Оқушыларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Оқу бағдарламасына сай күнделікті сабақта алған білімін сыныптан тыс жұмыстарда жетілдіру – оқушының білімін тереңдетіп, сурет салу икемділігі мен бейнелеу қабілетін дамытады, тіпті қоршаған ортаға деген оң көзқарастарын оятады. Осындай сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі – «Сырлы бояу» атты сурет сайысы.
29 Мамыр, 2020
Сурет Алдыңғы күні табиғат аясында түскен суретін жариялаған. Спорттық костюм киген жігіт ағасы жалғыз өзі жасыл шөпте малдас құрып отыр. Даланың перзенті екендігі есіне түскендегі жайбарақат, жайсаң кейіп. «Тұмса табиғат құшағында» деп жазып қойыпты.
29 Мамыр, 2020
«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 176 млрд теңге бөлінді
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 176 млрд, соның ішінде бағдарламаның «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бірінші бағыты бойынша 26 млрд теңге бөлінген.
29 Мамыр, 2020
Жүйелі жұмыс жеңіске жеткізеді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы іс-қимыл және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізді. Бердібек Сапарбаев әуелі Мемлекет басшысының Жарлығымен 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режімі тоқтатылғанын, дегенмен, әр өңірдің коронавирус бойынша эпидемиялық жағдайына байланысты карантиндік шаралар сақталып отырғанын жеткізді.
29 Мамыр, 2020
Ел тарихындағы ең қайғылы кезең кешенді зерттеуді қажет етеді
Зобалаң жылдары 3-4 жастағы және емізулі тағы бір қызын арқалаған әйел Қызылордадағы базарда қайыр сұрап жүреді екен. Ашаршылықтан екеуін бірдей құтқара алмасын сезген бейшара ана қыздың үлкенін тастап кетпек болған. Басындағы әдемі орамалын қызының басына байлап, базар ішіндегі қалтарыста адастырып кетеді. Қыз «апалап» әрі-бері жүгіріп, шаршаған соң отыра қалып жылайды. Жылап отырып «апатайым-ау, мына әй-әй орамалды бөпенің басына байласаңызшы, ол жаурайды ғой», дегенін естіген жанның жүрегі қан жылайды.
29 Мамыр, 2020
Білім ісі – жұрт ісі. Оны ұлт ісіне айналдыру керектігі әлімсақтан айтылып келеді. Ежелгі дәуір алыптарынан бастап, бүгінгі ғұламалар да оны жаңғыртуда. 1017 жылы өмірге келген Ж.Баласағұни: «Білсе білім – күнде бақыт кісіге, үлкен атақ содан келер кішіге», депті.
29 Мамыр, 2020
Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты
Түркістан облысындағы Жетісай-Шардара автожолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысқан. Салдарынан жолаушылар мен жүргізуші ауыр жарақаттанып, 4 адам қаза тапты.
28 Мамыр, 2020
Алматы: Кәсіпкерлер палатасы тарапынан қандай жұмыстар атқарылды?
Карантин кезінде Өңірлік палатаға оңтүстік бизнес өкілдерінен 40 мыңнан астам өтініш келіп түскен.
28 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 4893-ке жетті
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда тағы 66 адамның коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлады.
28 Мамыр, 2020
Президент сөзі – ел ертеңін ойлаудың нақты дәлелі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінен көңілге көп нәрсені түюге болады. Ел ертеңін ойлаған Президент дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне ерекше назар аударуды сұрады. Және дер кезінде аударғаны да көңілге қонымды. Шетелде оқуға құмар жастарды елге қайтару туралы мәселе көп жерде көтеріліп жүр.
28 Мамыр, 2020
Сенатта алдағы онжылдыққа арналған сыртқы саясат тұжырымдасы таныстырылды
Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен өткен Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы таныстырылды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
28 Мамыр, 2020
Қырымбек Көшербаев жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысын өткізді
Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28 Мамыр, 2020
Атырау: Ауыл әкімдерінің көлігі жаңарады
Бұған дейін Қызылқоға ауданының әкімдігі 18 автокөлік сатып алуға ашық конкурс жариялаған еді. Соның ішінде әрқайсысының құны 5 млн теңгеге бағаланған «Нива» маркілі 10 көлік бар. «Нива» көліктері 10 ауылдық округтің әкімдеріне берілгелі отыр.
28 Мамыр, 2020
Қызылорда облысының 2019 жылғы цифрландыру барысы талқыланды
2020 жылдың 28 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы Қызылорда облысын цифрлардыру барысы мен «ақылды қалалар» эталондық стандартын жүзеге асыру бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды және орталық атқарушы органдар тарапынан шешуді қажет ететін мәселелерді талқылау мақсатында бейнеконференц байланысы арқылы жиналыс өткізді.
28 Мамыр, 2020
Қостанайлық оқушылар жаңа биопластик ойлап тапты
«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен онлайн режімде өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық олимпиадада Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Сәния Өмірзақова мен Дилара Усембаева I орынға ие болды. Жас ғалымдар тағам қалдықтарынан пластикалық материал жасап шығарудың жолын анықтаған.
28 Мамыр, 2020
Биыл ауыл тұрғындарының 87%-дан астамы ауыз сумен қамтылады
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
28 Мамыр, 2020
Цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Қ. Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бейнеконференция байланысы арқылы Алматы облысының цифрлардыру барысы мен «ақылды қалалар» эталон стандартарын дамыту және жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды талқылауға арналған жиналыс өткізді.
28 Мамыр, 2020
Жуырда Ш.Есенов атындағы КМТИУ және Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастыруымен ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған «О, адамдар, біргемін мен сендермен!» атты әдеби танымдық кеш өтті. Кешке ақынның қызы ф.ғ.к., доцент Салтанат Айбергенова қатысып, естеліктерімен бөлісті. Белгілі актер Б.Есенәлиев ақын өлеңдерін оқыды, танымал әншілер С.Жанпейісова, Г.Сарина, Ә.Бекарыстанов, Ә.Өміров, А.Көшеров ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындады, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Алпысбай Тамаев, Нөкіс университетінің оқытушысы Ә.Найзабаев Төлеген шығармашылығына ғылыми талдау жасады. Ш.Есенов атындағы КМТИУ докторанты Б.Жайлау арнау өлең оқыды. Кеш соңында студент-жастар Т.Айбергенов өлеңдерінен көркем сөз оқыды. Тікелей эфирде Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғылым мен мәдениет саласы өкілдері қатысып, әсерлерімен бөлісіп отырды.
28 Мамыр, 2020
Ертіс-Успен жасанды су каналы іске қосылады
Өңірдегі Павлодар ауданының шаруашылықтары жыл сайын картоп пен сәбіз өсіреді. Жергілікті нарық пен өзге өңірлерді өніммен тұрақты түрде қамтып келеді. Судан әкімдігінің мәліметінше, картоп мен сәбіздің бұдан көп мол өнім беруіне қазіргі уақытта қайта қалпына келтіріліп жатқан Ертіс-Успен жасанды су арнасы көмекке келмек.
28 Мамыр, 2020