Оқи отырыңыз
«Air Astana» Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында қосымша рейстер ашты
«Bek Air» әуе компаниясы ұшырылымдарының уақытша тоқтатылуына байланысты 2019 жылғы 27-31 желтоқсан күндері аралығына жоспарланған әуе компаниясының Нұрсұлтан-Қызылорда, Қызылорда - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Атырау, Атырау - Шымкент, Шымкент - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Алматы - Орал, Орал - Алматы, Алматы - Ақтау, Ақтау - Алматы, Алматы - Павлодар, Павлодар - Алматы, Ақтау - Шымкент, Атырау - Алматы, Нұр-Сұлтан - Шымкент, Алматы - Нұр-Сұлтан, Шымкент - Атырау, Атырау - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Шымкент - Ақтау бағыттары бойынша 100-ге жуық рейсі орындалмайды. Бұл бағыттарға барлығы 9157 билет (8180 ересек, 765 бала, 212 нәресте) сатылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Желтоқсан, 2019
Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Желтоқсан, 2019
Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын бекітті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жоспар жобасы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Желтоқсан, 2019
Елбасы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Желтоқсан, 2019
Азаматтардың өтініштеріне жіті назар аударылады
Өткен жұма күні Нұр-Сұлтан қаласында мүгедек жандардың проблемаларына арналған дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары және мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымдарының өкілдері қатысты.
30 Желтоқсан, 2019
Халқының саны 2 миллионнан асатын Түркістан облысында 86,6 мың көп балалы отбасы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету барысында белгіленген нысаналы индикаторының бірі – күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесі 16,5% болып белгіленген.
30 Желтоқсан, 2019
Үздік бестіктің қатарына кірді
Футзалдан Қазақстан құрамасы маусымды УЕФА рейтингінде 4-орынмен аяқтады. Жыл қорытындысы бойынша ұлттық құрамалар арасында УЕФА-ның жаңартылған рейтингі жарияланды.
30 Желтоқсан, 2019
Баянауылда құмай тазылар көрмесі өтті
Аудандық Дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бастамасымен өткен қызықты көрмеге 28 құмай тазы қатысты.
29 Желтоқсан, 2019
Батыс Қазақстанда бірнеше цифрлық жоба іске қосылды
Батыс Қазақстан облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы өңірді цифрландыру бойынша қолға алынған бірнеше жобаны облыс әкімі Ғали Есқалиевке және журналистерге таныстырды.
29 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28 Желтоқсан, 2019
Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Словакиядан ұтылды.
28 Желтоқсан, 2019
Түркия қазақстандықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты. Бұл туралы Түркияның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Желтоқсан, 2019
Геннадий Головкин ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Геннадий Головкин Тwitter-дегі парақшасында жазды.
27 Желтоқсан, 2019
Ұшақ апаты: Акушер-гинеколог Арман Исина қаза тапты
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов Facebook-тегі парақшасында жазды.
27 Желтоқсан, 2019
Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Бұл туралы Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
27 Желтоқсан, 2019
Иран Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави Алматыдағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Иран агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Желтоқсан, 2019
Қытай Сыртқы істер министрі көңіл айтты
Бұл туралы жұма күні өткен баспасөз конференциясында Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан айтты.
27 Желтоқсан, 2019
Сооронбай Жээнбеков Алматы маңындағы әуе апатына байланысты көңіл айтты
Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Алматы қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Желтоқсан, 2019
А. Райымқұлова жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты
Ақтоты Райымқұлова Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқанқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Желтоқсан, 2019