Оқи отырыңыз
Бурабай баурайында «Әке – отбасының тірегі» атты ІV республикалық әкелер форумы өтті. Маңызды шараға мұрындық болған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Ақмола облысының әкімдігі, «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі мен «Құқық» қоғамдық қоры бүгінгі таңдағы ең бір өзекті мәселелерді көп болып кеңесіп, талқылады.
17 Қыркүйек, 2019
Ұлтымыздың шынайы тарихын жазу үшін үлкен теориялық-методологиялық дайындықпен қатар, бай тарихи деректер қоры болуы шарт. Алайда тарихи деректерге, құжаттарға қол жеткізу үлкен мәселе екендігі белгілі. Біздің Отан тарихына, әсіресе ерте және ортағасырлық тарихымызға қатысты көптеген деректер шетел мұрағаттары мен кітап қорларында сақтаулы. Қазіргі күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді түгендеуге, оның көкжиегін кеңейтуге рухани болмысымызды бүтіндеуге бағытталған іргелі шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, Қазақ елінің ортағасырлық тарихы бойынша көп жазба деректер қытай, парсы, араб, шағатай тілдерінде жазылған. Бұл қолжазбалар негізінен Мысыр, Үндістан, Иран, Тәжікстан, Армения, Өзбекстан, Қытай, Ресей елдерінде сақталған.
17 Қыркүйек, 2019
Еліміздің білім саласындағы сарапшылары Жолдауға қатысты хат жолдады
Редакциямыздың хат-қоржынына еліміздің білім саласындағы сарапшыларының атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерге қолдау білдірген хат келіп түсті. Біз хат мәтінін толық ұсынғанды жөн көрдік.
17 Қыркүйек, 2019
әл-Фараби: Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары
Биыл Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен әл-Фарабидің 1150 жылдығына дайындық жұмыстары басталып кетті. Осы мақсатта арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Келер жылы Ұлы даладан шыққан ғұламаның мерейтойы ЮНЕСКО, ИСЕСКО сынды халықаралық ұйымдардың аясында әлемдік деңгейде атап өтіледі. Осыған орай, «Egemen Qazaqstan» газеті данышпан бабамыздың ең әйгілі еңбегі – «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактатының араб тіліндегі түпнұсқасынан алғаш рет қазақ тіліне аударылған негізгі бөлімдерінен үзіндіні оқырман назарына ұсынып отыр.
17 Қыркүйек, 2019
Шамалғандағы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Қыркүйек, 2019
Батыс Қазақстан облысында ауыл мұғалімдері сайт ашты
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылында тұратын мектеп мұғалімдері ағылшын, орыс тілдерін үйренуге көмектесетін сайт ашты.
16 Қыркүйек, 2019
Талас топырағындағы тас таңбалар
Көне дәуірдің куәгерлеріндей болған Қызыләуіт – Бәзіл петроглифтері ерте ортағасырлық, ерте темір ғасырына жататын тарихи құндылықтардың бірі. Талас топырағында ықылым заманнан бері жасап келе жатқан Қызыләуіт – Бәзіл петроглифтері Ақтөбе ауылынан 2,4 шақырым оңтүстік-батыста, Бәзіл деп аталатын жердегі бос жатқан тасқа салынған. Ал байырғы Бескепе таңбалары Қызыләуіт ауылынан 3,2 шақырым оңтүстік-батыста, Бескепе деп аталатын жердегі аласалау төбедегі үлкен тас бетіне бедерленген. Қазыналы Қаратаудың шатқалдары мен сайларында ерте дәуірлерден қалған петроглифтер көптеп ұшырасады. Сонымен қатар ғылыми айналымға енген суреттер саны бірнеше мың. Тастағы таңбалар сол кездегі бабалар өркениеті мен танымынан да хабар береді.
16 Қыркүйек, 2019
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тұтастай онкүндік шара өткізу жөнінде шешім қабылдаған еді. Бұл бағытта «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты тұрғындарды ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда облыс аталған реформаны қолдау деңгейі мен дәрежесі бойынша елімізде алдыңғы орындардың бірінде екенін айтқанымыз жөн.
16 Қыркүйек, 2019
Дүкен Мәсімханұлы: Ынтымақтастыққа оң ықпал еткен сапар
Қазақ пен қытай – жер жаралып, су аққалы бері қарай Азияның шығысы мен кіндік бөлігін ортақ жайлап, бірге жасап келе жатқан халықтар. Тарихтың толқыны бірде толып, бірде ортайып, әртүрлі кезеңді бастан өткердік. Бірақ соған қарамастан Қазақстан өз алдына дербес ел атанғанда алғашқы болып тәуелсіздігімізді таныған мемлекеттердің бірі – Қытай Халық Республикасы.
16 Қыркүйек, 2019
Көкжиде: Проблеманы шешу үшін кешенді көзқарас қажет
Қазіргі кезде әлемдік ауқымда таза ауыз су көздерінің тапшылығы анық байқалып отыр. Мұндай жағдайда ел аумағындағы жерасты ауыз су көздерінің қорын сақтау мен оның ластануына жол бермеудің маңызы ерекше. Әйтсе де бүгінгі күні жер қойнауын пайдаланушылар, соның ішінде көмір сутегі шикізатын игеріп жатқан алпауыт компаниялар жерасты су көздерінің мұнай қалдықтарымен ластануына жол беріп жүргені қынжылтпай қоймайды.
15 Қыркүйек, 2019
Теміржол бойындағы апаттан 1 адам мерт болды (видео)
Алматы облысындағы Шамалған теміржол стансасында апатты оқиға болды.Куәгерлердің айтуынша, теміржол көпірінен өтіп бара жатқан автобус жолаушылар пойызымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус шопыры мерт болып, бірнеше адам жарақаттанған.
15 Қыркүйек, 2019
«ALMAFEST» – береке мен ізгіліктің мерекесі
Қыркүйек айының дәл ортасында алма фестивалін өткізу Алматы жұрты мен қала қонақтары үшін дәстүрге айналған. Бұл күні Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саябағына жүз мыңдаған адам ағылып келіп, көптен күткен ең жылы, ауқымды мерекені ақыш аспан астында бірге тойлайды.
15 Қыркүйек, 2019
Toyota компаниясы күннен қуат алатын көлікті сынақтан өткізді
Toyota компаниясының инженерлері өте жұқа күн панельдерімен жабдықталған көлікті сынақтан өткізді. Оған жерсеріктеріне арналған арнайы тақтайшалар пайдаланылған.
15 Қыркүйек, 2019
Қарағанды облысында 10 мың литр қымыз бір мезетте пісілді
Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданында 1 мың күбідегі 10 мың литр қымыз бір мезетте пісіліп, бұл оқиға Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.
15 Қыркүйек, 2019
Әділ Ахметовтің «Ғасыр ғибраты» кітабы оқырманға жол тартты
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер-қаламгер, танымал түрколог Әділ Ахметовтің «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Ғасыр ғибраты» атты кітабының тұсаукесері өтті. Оқырманға тарту етіп отырған бұл туынды –қайраткер ғалымның танымдық әрі ғылыми-публицистикалық монографиясының толықтырылған екінші басылымы.
14 Қыркүйек, 2019
Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны өсті
Испанияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті. Бұл туралы La Vanguardia газеті Азаматтық гвардиядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.
14 Қыркүйек, 2019
Данияр Елеусінов кәсіби рингте 8-рет жеңіске жетті
Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі 8-ші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Sports.kz.
14 Қыркүйек, 2019
Садақ атудан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті
Шымкентте садақ атудан Қазақстан біріншілігі аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
13 Қыркүйек, 2019
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талғар ауданының активімен жүздесті
Президент Әкімшілігінің келісімімен Талғар ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Жолан Омаровтың кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірді. Депутаттармен кездесуден кейін облыс әкімі А.Баталов аудан активімен жүздесті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қыркүйек, 2019
Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда.
13 Қыркүйек, 2019