Оқи отырыңыз
Университеттердің бірлескен конференциясы
Нұр-Сұлтанда 16-20 тамыз аралығында Гарвард университеті мен Назарбаев Университет бірлесіп ұйымдастыруымен Азия және Тынық мұхиты елдерінің дәстүрлі HPAIR Азия конференциясын ұйымдастырды. Өзінің 28 жылдық тарихында HPAIR Азия конференциясы Орталық Азияда және ТМД кеңістігінде алғаш рет өткізілуде.
20 Тамыз, 2019
Еңбек нарығында жастардың үлесі азаяды
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының болжамы бойынша 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде еңбек нарығына біліктілігі бар 22 жастағы жұмыс күшінің келуі Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері 1997-2002 жылдары бала туу санының аз болуына байланысты ең төменгі деңгейде болмақ.
20 Тамыз, 2019
Көрме кеңістігінде көрермен назарына қазақ халқының кесте бұйымдарының және дәстүрлі әшекейлі белдіктердің үздік үлгілері ұсынылған. Мұндағы халық шығармашылығынан сыр шертетін туындылардың әрқайсысы өзіндік дара мәнге ие. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде мұражайдың алтын қорында сақталған бірегей қолөнер туындыларын қамтыған «Ұлы дала өрнектері» атты көрме ашылды.
20 Тамыз, 2019
«Жол азабын жүрген біледі», «Жол азабы – көр азабы» деген де нақыл бар. «Жол мұраты – жету» десек, діттеген жерге жетуге ойқы-шойқы, аты бар да заты жоқ автожолдар кедергі келтіріп жүргені ешкімге де жасырын емес. Әсіресе бүгінде Ақтөбе өңірінде аудандық және облыстық деңгейдегі жергілікті маңызы бар ішкі жолдардың жай-күйі мен сапасы еш сын көтермейді. Оның бірқатар мысалын газетіміздің 2019 жылғы 12 шілде күнгі нөмірінде «Жарамсыз жолдардың жыры» деген тақырыппен жарияланған мақаламызда жаздық.
20 Тамыз, 2019
Масыл болғаннан мамандық меңгергенім жақсы – дейді көп балалы ана Зағипа Абдуллаева
Белгілі бір кәсіпті игеріп, еңбегіңнің зейнетін көрсең, татқан дәміңнің де тәтті бола түсетіні бар. Бұл үшін әрине, уақытша жұмыссыз жүрген адамдарды бағыттап, оң жол сілтеудің маңызы зор.
20 Тамыз, 2019
«Адамды өмірге құлшындыратын да, алдағы үмітіңді шындыққа айналдыратын құдіретті нәрсе – еңбек», дейді байырғы ұстаз, бұл күндері зейнеттегі Қарлығаш Бекмұханбетова.
20 Тамыз, 2019
Қар құрсауында қалған альпинистер іздестірілуде
Тянь-Шань тауларының 6600 метрлік биігінде, қалың жауған қар құрсауында қалып қойған қазақстандық альпинистерді құтқару жұмыстарын бастауға ауа райы кедергі келтіріп тұр. Еліміздің ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметтің айтуынша, құтқару операциясы ауа райы түзелген соң ғана жүргізілмек.
20 Тамыз, 2019
«Испания Вуэльтасына» кімдер қатысатыны белгілі болды
24 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында велошабандоздар арасындағы биылғы маусымның ең соңғы Гранд-туры – «Испания Вуэльтасы» өтеді.
19 Тамыз, 2019
Б.Сағынтаев: Қырғызстан тауларында құтқару операциясы жалғасып жатыр
Қорғаныс министрлігінің үш әскери альпинисі Хан Тәңірі шыңынан төмен орналасқан «Қарқара» базалық лагеріне жеткізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды.
19 Тамыз, 2019
Ұлттық аспаптарымен қатар ағаштан жасаған туындылары жоғары бағаланып жүрген түркістандық шебер Дәурен Миншариповті іздейтіндердің арасында шетелдік туристер де көп. Туындыларын дүкендерге, сауда орындарына қоймайтын шебердің қолынан шыққан дүниені іздегендер шеберханасынан табады.
19 Тамыз, 2019
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Banc of California стадионында өткен кәсіби бокс кешінде шаршы алаңға көтеріліп, канадалық Стюарт МакЛелланнан басым түсті.
19 Тамыз, 2019
Елуінші додаға еуропалықтар да қатысты
«Мен бұл жарысқа 1987 жылы қатысқан едім. Сол кезде осындай биік белестерді бағындырамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген-ді. Бірақ көп еңбектендім. Бүгінге дейін жеткен жетістігімнің бәрі тынымсыз төгілген тердің арқасы. Сондықтан сіздерге айтарым, алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ, еңбектеніңдер, армандаңдар, алдарыңа мақсат қойыңдар», деді Олимпиада чемпионы, атақты велошабандоз Александр Винокуров Өскеменде өткен «Қазақстан оқушысы-2019» көпкүндік веложарысының жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
19 Тамыз, 2019
Ташкентте жеңіл атлетикадан халықаралық турнир басталды
Бүгін Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогі басталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.
17 Тамыз, 2019
Таразда ауыл әйелдерінің форумы өтті
Тараз қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы», «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» заңды тұлғалар бірлестіктері мен «Coca-Cola» Халықаралық қорының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының ауыл әйелдері форумы өтті. Сонымен қатар, аталған форум Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен ұйымдастырылды.
16 Тамыз, 2019
Мұғалім еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет - Қ.Тоқаев
Бұл туралы Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
16 Тамыз, 2019
Өнер әлемінің өрісін кеңейткен
Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының белді актерларының бірі – Құмарбек Қалқатаев Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты шоқ жұлдыздай ғана Жылытау ауылында туған. Кейін әкесі Мұхамедуәли іргедегі Марқакөлге қоныс аударды. Марқакөлдің көркем суреті, ғажайып бейнесі Құмарбектің қай кезде де көкірегін қоламтадай қыздырып жүретін, шалдыққанда дем беретін, қажығанда қайрат бітіретін кішкентай ғана тұмары іспеттес. Туған жері Жылытау болғанымен, оң-солын танып, ат жалын тартып мінген жанына ерекше ыстық өлкесі осы Марқакөл.
16 Тамыз, 2019
«Жібек жолы» визасы неге кешіктірілуде?
Соңғы екі жылда бауырлас екі мемлекет – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығып, ауылы аралас, қойы қоралас ағайын арасы бұрынғыдан да жақындай түсті. Бірақ екі ел арасында былтыр қызу талқыланып, бір қарағанда тез енгізілердей болған азиялық «Silk viza», яғни «Жібек жолы» туристік визаларын өзара тану режімі тоқырап тұр. Әдепкіде аса қарқынды басталып, Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы келіссөздер әне-міне мәресіне жетіп, қолданысқа енгізіледі делінген жоба қандай дағдарысқа тап болды?
16 Тамыз, 2019
Муракамидің тағы бір «муракамишіл адамы»
Харуки Муракамидің «Командордың өлтірілуі» атты жаңа кітабы орыс тілінде жарық көрді – ол «Ұлы Гэтсби» мен «Алиса ертегілер елінденің» сарынымен жазылған меланхолиялық детектив. Бұл қаламгердің әрқайсысы 400 беттен тұратын соңғы төрт жылда жазған екі томдық алғашқы романы. Жапон жазушысының жаңа романындағы оқиға мәйегі – Дон Жуан мен командордың жекпе-жегі жөніндегі құпия суретке құрылған. Әйдік жазушының 14-ші романын орыс тіліне бұған дейін «Норвегиялық орманын» тәржімалаған Андрей Замилов аударып, Мәскеудің «Эксмо» баспасынан 47 000 данамен жарық көріп отыр.
15 Тамыз, 2019
Ыстық жаз биыл Алатауға ерекше ықылас танытты білем, біз мәңгілікке балап жүрген мұздықтар еріп, ағыл-тегіл жылға боп ағып, төбесімен көк тіреген биік шыңдарды шомылдырып өтті. Енді міне, тау жасарып, тұла бойы түп-түгел күнге күйген қайратты жігіттей қасқайып, күлімсіреп қарайды.
15 Тамыз, 2019