Оқи отырыңыз
Астананың полигондарына жалпы 6 млн текше метрден астам қар шығарылған
Елорда әкімдігі ресми сайты мәлім еткендей, 9 наурыз күні қала бойынша 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,1 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2024
Еркін Ғаббасов Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Қазақстан спортшысы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Әлем Кубогында екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Жарыс ережесі бойынша жартылай финалда 1-8 орынға тұрақтағандар финалға өтеді, Отандасымыз R1 дисциплинасының жартылай финалында 7 орынға тұрақтап, финалға шығып, 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2024
9 наурызда сағат 02:26-да Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Наурыз, 2024
«Инсульт алған»: Патрульдік инспекторлар жүргізушіні құтқарды
Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2024
Қазақтың екі балуан қызы жүлдегер атанды
Түркияның Анталья қаласында бүгін басталған дәстүрлі белгілі балуандар - Яшар Догуды, Хамит Капланды, Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнирде Қазақстанның екі балуаны жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
08 Наурыз, 2024
Қылмыс орын алған жерге мамандардың алды болып жететін – криминалистер. Жете сала оқиға орнындағы дәлел болады-ау деген заттардан саусақ іздерін алады, одорологиялық сараптама жүргізеді, аяқ киім іздерін қарайды, тағысын тағы. Сол жердегі зерттеу жұмыстары дұрыс жүргізілсе, қылмыстың ашылуы да жедел.
08 Наурыз, 2024
Орманға оранып жатқан Марқакөлдің әсем табиғатын қысы-жазы көз тайдырмай қызғыштай қорып жүрген арулар жұмыстың ауырлығына қарап тұрған жоқ. Әрқашан қатарда. Бір ғана Төсқайың учаскесінде ер-азаматтармен үзеңгілесе бірнеше қыз-келіншек қызмет етеді.
08 Наурыз, 2024
Олимпиадаға жолдама: Асланбек Шымбергенов екінші жеңісіне қол жеткізді
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Наурыз, 2024
Бұл мереке – мейірім мерекесі, әйел қауымына деген құрметтің еселенер шағы. Қараңызшы, Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округіне қарасты Көкжиде аулының қазыналы қарт әжесі Шәпен Қыдырбекова 101-көктемін қарсы алды. Қаумалаған ұрпақтарының ортасында ғұмыр кешіп отырған әжей – бүгінде ең бақытты жанның бірі.
08 Наурыз, 2024
Қарадала төсінде кіндігі кесілген Күлпара Жуашқызының жүріп өткен жүзжылдық жолы тарих таспасына таңбаланып келеді. 1922 жылы Шошанай аулында дүние есігін ашқан дала перзенті – ес біліп, етек жиғалы халқымыздың басынан өткерген қиын-қыстау кезеңдердің куәсі ғана емес, ауыртпалығын да арқалаған аяулы жан.
08 Наурыз, 2024
Отан қорғау және әскери қызмет дегенде көп адам бұны ер адамдарға тән іс екен деп ойлайды. Алайда қару асынып, погон таққан, талабы қатаң әскери тәртіпке бағынған сайыпқырандар сапында табиғатынан нәзік жан деп есептелетін әйелдердің де көп екенін біреу білсе, біреу білмейді. Біз сол кейіпкерлеріміздің бірін Ұлттық ұланның Көкшетау қаласындағы әскери бөлімінен таптық.
08 Наурыз, 2024
Әсілі, «Әйел қырық шырақты» деген сөз тегі рас. Әйтпесе, бұлардың да жұрт қатарлы бірі күріштіктен, бірі сауын фермасынан келгені жаңа. Келе сала кешкі астың қамына кірісіп, үйдегілердің ас-суын беріп, балалардың ертеңгі сабағын бір пысықтап, клубқа қарай келе жатыр. Тіпті үйде отырғанның өзінде де бітпейтін тірлік пен 10 баланың қамы қалжыратпай қоя ма?!
08 Наурыз, 2024
Әлемдегі тұңғыш программист әйел
Августа Ада Кинг Лавлейс – «программалау анасы» және алғашқы машина алгоритмінің авторы ретінде тарихқа енген әйел. Тіпті халықаралық бағдарламаушылар күнін Аданың туған күніне байланысты бекіткен. Ол өз әріптесі Чарльз Бэббидждің есептеу машинасына арнап алғаш бағдарлама жазғандықтан, әлемдегі тұңғыш программист атанды.
08 Наурыз, 2024
Қазақстанда мектеп психологтарының мәртебесін көтеру ұсынылды
Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев мектеп психологтарының мәртебесін көтеру мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Наурыз, 2024
Синоптиктер ескерту жасады: 8 наурызда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Наурыз, 2024
8 наурыз: Кімге қандай гүл сыйлау керек?
Қарағанда көзді қарықтырып, көңілді көтеріп, жанды жадыратып жіберетін жаратылыс бар. Ол – гүл. Бәлкім болмысы ұқсас болғаннан болар осы «сұлулық» сыйлайтын әсемдікке әйел заты ерекше құмар. Екеуі де – іңкәр, жылулыққа құштар, күтім мен бапқа зәру.
07 Наурыз, 2024
Қазақстан футболшылары Афинаға аттанады
Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні «Еуро-2024» додасының іріктеу сынында еліміздің футболшылары Грекия құрамасымен күш сынасатыны белгілі.
07 Наурыз, 2024
Көгілдір көктемді қанатына қондырып, жыл құстары туған мекеніне қайта оралса – жыл келгендей, жылымық жеткендей дүние жадырап сала береді. Сары шұнақ аяз бен қалың жауған қар құрсауынан енді ес жиып келе жатқан елдің күпті көңіліне жігер беретін де осы жыл құстары еді. Биылғы қыс қытымырлау болғанымен, елдегі жұрт жыл құсы ерте жетті деп желпініп отыр.
07 Наурыз, 2024
Нұра ауданында «nura agroforum-2024» атты ауылшаруашылық форумы ұйымдастырылды. Алқалы басқосуды алғаш Нұра ауданының өткізетін жөні де бар. Өйткені, ауылшаруашылық саласындағы көрсеткіштерінің көші ілгері. Сонымен бұл басқосуға облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов, аудан әкімі Бақытжан Мұқанов, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Еркінбек Әбдіханов, бірқатар облыстағы басқарма өкілдері мен «Қазсушар» РМК, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК секілді іргелі ұйымдардың өңірдегі филиал басшылары, фермерлер қатысты.
07 Наурыз, 2024
Дәуренінде қазақ сахарасында үйірімен өріп, 50-жылдары жойылып кеткен пржевальский жылқысын көбейту мәселесі көптен бері айтылып жүр. Түрлі қадам жасалып, сан салалы жоба түзілді. 2012 жылы Үкімет қаулысымен арнайы резерват та құрылған-ды. Биылғы жылдың маусым айында «Жабайы жылқылардың оралуы» халықаралық жобасы аясында елімізге Еуропадан керқұлан әкелінбек. Сегіз бас пржевальский жылқысы Прагадан және Берлиннен ұшаққа тиеліп, алдымен Арқалыққа жеткізіледі де, содан соң Қостанай облысына жөнелтіледі.
07 Наурыз, 2024