Оқи отырыңыз
Қазақстандық спортшы оқ атудан әлем чемпионы атанды
Қазақстан спортшысы Никита Чирюкин ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салып, жасөспірімдер арасында оқ атудан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
19 Шілде, 2023
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Аудандық сот төрағасы қызметінен босатылады
Жоғарғы сот биылғы мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Шілде, 2023
Орман-тоғайды жалмаған көбелектер
Керекудің ормандары биыл тағы жұпсыз жібек көбелегінен зиян шегіп жатыр. Бір жыл ішінде жорғалағыш жәндіктердің таралуы 3 мың гектарға ұлғайып, 32 мың гектарға таяу орман жамылғысы ошақ аумағында қалды. Өкінішке қарай, зиянкестерді құртуға бөлінген қазына қаражаты бұл аумақтың тек жартысын ғана өңдеуге жеткілікті. Мамандар жібек құртын жоюға кемі үш-төрт жыл уақыт жұмсалатынын айтып отыр.
19 Шілде, 2023
Әлем чемпионы, Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандық спортшы Англияда көкөніс теріп жүр
Гиннес рекордтар кітабына екі мәрте енген, стритлифтинг пен стритворкауттан әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Ильдар Ягяев қазір Англияда көкөніс теріп жүр. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің 19 шілдедегі №134 санында жарық көрген «Жырақта жан баққан жастар» (авторы Зейін Ерғали) атты мақалада айтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Шілде, 2023
Саунадағы «лагерь»: Қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында орналасқан «Арман дала» жазғы лагеріне балаларын жіберген ата-аналардың қуанышы ұзаққа бармады. Жазғы демалысын осы лагерьде өткіземіз деп келген оқушылар күтпеген жайтқа тап болып, өрескел жағдай туралы ата-аналарына хабарлаған. Осының ізін ала әлеуметтік желіде еденде, желдетілмейтін бөлмелерде ұйықтап жатқан балалар туралы бейнежазба тарады.
19 Шілде, 2023
Ұлттық банк бүгінгі валюта бағамын жариялады
Ұлттық банк доллар мен рубльдің бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Шілде, 2023
Алматыда балдырған суретшілерді баулитын орталықтар аз емес. Әлемге балалар көзімен үңілсеңіз, өнерден өрнек іздеген өрендердің өмірді қабылдауы да әртүрлі екенін байқар едіңіз.
19 Шілде, 2023
«Қазпромлит» көмек қолын созды
Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Тереңөзек ауылындағы жеті түтін бір күнде айтарлықтай шығынға батқаны мәлім. Найзағай соққысы бір үйір жылқыны жер жастандырды. Жиырма алты бас жылқыдан айырылған жұрттың жүйкесі сыр берген болатын.
19 Шілде, 2023
Түркістан қаласында өткен ІІ Ұлттық құрылтайда еңбек адамын насихаттау туралы жақсы ой көп айтылды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі: «Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз. Елімізде түрлі саланың кәсіби мерекесі бар. Көбінесе мұндай мейрамдар назардан тыс қалып жатады. Менің ойымша, «Еңбек күніне» орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн. Бұл қадам қоғамда еңбек культін орнықтыруға жол ашады», деп айрықша атап өтті. Осы тұрғыда күні кеше, кеңестік кезеңде алыс ауыл-аймақтарда жұмыс көрігін қыздырған бейнеткеш ата-бабаларымыздың, әке-ағаларымыздың өнегелі өмір жолын, тағылымды тірлігін бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі тұтудың да мән-маңызы ерекше.
19 Шілде, 2023
Әлкей Марғұлан ауылының халқы кімнен көмек сұрарын білмей дал. Тосыннан келген дала өртінен жеке азаматтарға тиесілі 73 бас ұсақ мал тірідей жанып кеткен. Тағы жүзден астам қой-ешкіні күйік шалып, шала-жансар жатқан жануарлар күн сайын бестен-оннан өліп жатыр дейді ауыл адамдары. Мәселеге облыс басшылығы араласып жатқанымен, малға күні қараған жұртшылық айтылған сөз, берілген уәдеге сенімсіздік танытып отыр.
19 Шілде, 2023
Қазақ биі десе, Шара Жиенқұлова, Шұғыла Сапарғалиевалар бірден ойға оралатыны бар. Мамандар биді бекзат өнер деп бағалайды. Музыканың ырғағымен біте қайнасып кететін бишілердің еңбегі ерен екеніне ешкімнің күмәні жоқ.
19 Шілде, 2023
Оныншы маусым: Операдағы озық жетістіктер
Басқа-басқа, симфония кешіне барғанның әсері тым бөлек екенін театрсүйер қауым жақсы біледі. Әр аспаптың үні жан-тәніңді түгел бойлап, күнделікті тіршіліктен қажыған көңілді теңіздің түнгі толқынындай тербетеді келіп. Скрипканың үні үзіліп-сызылып, үзіліп-сызылып, енді бір сәтте аспанға шапқандай дүр көтерілгенде осынау өнердің құдіретіне сұмдық таңғаласың. Әуезді кеш бас қаламыздың аристократтық мәдени орнына айналған «Астана Операда» болды.
19 Шілде, 2023
Теңіздің тамшыдан, теңгенің тиыннан құралатыны секілді, Әділетті Қазақстанды да біз әділдік арқылы құра аламыз. Қазір осы бағытта жүйелі істер атқарылып жатқаны қуантады. Мәселен, қоғамның қай саласында болсын мемлекет қаржысын жымқырып келген жемқорлардың ұстала бастауы – соның анық айғағы.
19 Шілде, 2023
Полицей әуелі психолог болуы керек
Қызығы мен қиындығы қиюласқан ішкі істер саласына адамдар әртүрлі себеппен келіп жатады. Бірі осы салада ұзақ жыл еңбек еткен әкесінің немесе атасының жолын қуса, екіншісі бала күнінен оқалы киім кисем деп, сол арман-мақсатының жетегімен ішкі істер саласының табалдырығын аттайды. Ал үшіншілері қоғам тыныштығы мен адамдар қауіпсіздігін қорғауды өз парызы санап, полиция қызметкерінің имиджін жоғарылатсам деген нақты мақсаттың жолында тәртіп сақшысы қызметін таңдап жатады.
19 Шілде, 2023
Гендерлік алшақтық мәселесін көтергенде әйелдер мен ерлердің қоғамның барлық саласына қатысу үлесі мен деңгейін айтамыз. 2006 жылдан бері Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын 146 елді қамтитын «Жаһандық гендерлік алшақтық» есебін жариялайды. Бұл индекс 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша өлшенеді және көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым гендерлік теңсіздік жоғары. Қазіргі қарқынмен әлем бойынша көрсеткіштерді толық теңестіру үшін тағы 131 жыл қажет болса, әйелдердің саясатқа қатысу деңгейін ерлермен теңестіру үшін әлі 162 жыл қажет.
19 Шілде, 2023
Үлгілі елді мекендерге техника табысталды
Қызылордада өткен жылы қаланы абаттандыру, елді мекендерді дамыту, ауыл тұрғындарына жайлы орта жасау бағытындағы «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жарияланған еді. Тұңғыш өтетін конкурстың талаптары кеңінен таныстырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталды. Үздіктерді азаматтық қоғам өкілдерінен, депутаттардан, журналистер мен экобелсенділерден құрылған тәуелсіз сарапшылық комиссия анықтап, шешім қабылдады. Жуырда қала орталығындағы «Достық үйінде» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев байқау жеңімпаздарын марапаттады.
19 Шілде, 2023
«Бір дертке тисең, мың дертің қозады!» дегендей, оңтүстіктегі қауын-қарбыз өсіретін диқан қауымының ащы дауысы Астанаға да жетті. Биыл Өзбекстанмен арадағы шекара ашылғандықтан, жер емген елдің жағдайы күрт қиындапты. Қауын-қарбыз өсіруге 4-5 млн қаржы салып, қарымтаға соның 4-тен 1-ін де қайтара алмай, қара жерді сабалап қалған ағайын бар.
19 Шілде, 2023
Ұялы байланыс операторлары тариф бағасын көтере бастады
Тамыз айында ұялы байланыс операторлары тарифтердің бағасын көтереді. Бұл жөнінде олар ресми сайттарында хабарлай бастады, деп жазады Egemen.kz.
18 Шілде, 2023
Шығыс Қазақстанның таулы жерінде тұтанған өрт оқшауланды
Орманшылардың, өрт сөндірушілердің және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Черно-Убинск орман шаруашылығында өрттің 7 гектар алаңы оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Шілде, 2023
18 шілдедегі түскі саудада доллар бағамы арзандады. Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,99 теңгеге төмендеп, 444,15 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
18 Шілде, 2023