Оқи отырыңыз
Сайлау науқанына қатысуға ниет білдірген саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырып жатыр. Кеше Орталық сайлау комиссиясына «Ауыл» партиясы құжат өткізді. Тиісті құжатты ОСК аппаратының қызметкерлері қабылдады. Ал бұдан бір күн бұрын ОСК «Қазақстан Халық партиясы», «Ақ жол», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», «Байтақ» партиялары құжаттарын тапсырған.
08 Ақпан, 2023
Әлеуметтік кодекс жобасы таныстырылды
Сенатта Әлеуметтік кодекс таныстырылды. Ондағы жаңалықтардың қатарында әр отбасында цифрлық картасының болатыны, жұмыспен қамту саласына жаңа тәсілдерді енгізу, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру бар.
08 Ақпан, 2023
Оқушы тәрбиесі – ортақ жауапкершілік
Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы академиялық драма театрда «Отбасы – тәрбие бесігі» атты кеңейтілген кеңес өтті. Жиынның модераторы, «Аmanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов білім саласы қызметкерлері мен ата-аналар қатысып отырған кеңес облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылғанын айтып, талқыға салынатын тақырыптарды таратты.
07 Ақпан, 2023
Көкіректе күмбірлеген дүние көп
Қазір әдебиетімізде өнімді еңбек етіп жүрген қаламгердің бірі – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбай. Проза мен публицистикаға қатар қалам тартып жүрген жазушы кейінгі жазған көркем туындылары туралы сыр бөлісті.
07 Ақпан, 2023
Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тұңғыш рет қарсақ фототұзаққа түсті. Қарсақ болғанда да, аппақ. Жүндері үлпілдеп тұр. Белден асып келіп, бейнекамераның дәл алдына шоқиып отыра қалысқан. Бір қарасаң, қасқыр ма дерсің. Бірақ бұлар – түлкі туысына жататын жыртқыш.
07 Ақпан, 2023
Еламан Қуатов: Арманым – әлем чемпионы болу
Әскерде жауынгерлік дайындықтың бір түрі ретінде енгізілген қоян-қолтық ұрысының тарихы тым тереңде жатыр. Өткенге көз жүгіртер болсақ, бұл спорт түрі туралы алғашқы деректер Мысырдағы пирамида қабырғаларында бейнеленгені белгілі. Ал ежелгі грекиялықтар қоян-қолтық ұрысты ең бірінші болып Олимпиада бағдарламасына енгізген деседі.
07 Ақпан, 2023
Дэвис кубогінің финалында кімдер ойнайды?
Ақпанның алғашқы аптасында теннистен Дэвис кубогінің іріктеу ойындары өз мәресіне жетіп, командалық әлем чемпионатының күз мезгілінде өтетін финалдық бәсекесіне жолдама алған құрамалар белгілі болды.
07 Ақпан, 2023
Ақтөбе облысының мектептері Қарағанды облысындағы кәсіпорында құрастырылған Yutong және Golden Dragon маркалы жайлы санаттағы 23 жаңа автобуспен толықты.
07 Ақпан, 2023
Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер ауылының оқушылары елді мекен маңында ойнап жүріп, көне құмыра тауып алды. Археолог мамандардың айтуынша, қола әшекейлермен әдіптелген жәдігер ІХ-ХІІ ғасырлардан жеткен жәдігер көрінеді.
07 Ақпан, 2023
Іріктеудегі қарсыластары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында футболдан жастар арасындағы (U-21) Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
07 Ақпан, 2023
Индонезияның бас шаһары – Жакартада винтовка және тапаншадан нысана көздеу спортынан Әлем кубогі бәсекесі өз мәресіне жетті.
07 Ақпан, 2023
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Ертең, 8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Ақпан, 2023
Ринат Зайытов Мәжіліс депутаты кандитаттығына ұсынылды
«AMANAT» партиясы Ринат Зайытовты Мәжіліс депутаты кандитаттарының тізіміне қосты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезінде белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2023
Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаражат бөліне ме?
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қосымша қаражат бөлу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2023
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді
Түркияда жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтына сілтеме жасап.
07 Ақпан, 2023
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, төрт саяси партиядан партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы құжаттар ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2023
Ғаламдану үдерісі айналамыздағы жойқын өзгерістерді, одан туындаған жаңа қауіп-қатерлерді үдете түсуде. Мұндай сын-асулардан кез келген елді тек мықты дипломатия ғана сүріндірмей аман алып шыға алады. Ал дипломатиясы жоқ немесе дипломатиясы жарысқа түсу қабілеттілігі тұрғысынан әлсіз елдер неге ұшырайтынын ойлаудың өзі қорқынышты. Мұндай пайымдарға келуге дипломатия саласындағы отыз жылғы қызмет тәжірибем кезіндегі екі-үш эпизод түрткі болды.
07 Ақпан, 2023
Әдебиет те жалынан ұстатпайтын тарпаң асау секілді. Кез келген қаламгердің бағын әп-сәтте аша қоймайды. Десек те ұлт руханиятына нәр беретін әдебиетке өзгеше қолтаңбасымен келген, артына өшпейтін мол шығармашылық мұра қалдырған қаламгерлердің қатарында академик Зейнолла Қабдоловтың есімі сөз өнерінің суреткері ретінде аталады. Ол – шәкірттері үшін өз уақытын аямаған, әдебиетке адалдығынан жаңылмаған, адамдық айнасына қылаудай дақ түсірмеген бекзат болмысты жан.
07 Ақпан, 2023
Атырау облысында жыл сайын Жайық пен Ойыл, Қиғаш, Жем мен Сағыз өзендерінде болуы мүмкін су тасқынына қарсы қамданыс жасалады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, биыл су айдындарында тасқын қаупі туындамайтынына болжам жасалып отыр.
07 Ақпан, 2023
Татами табандылықты талап етеді
Португалияның Алмада қаласында өткен Гран-при турнирі аяқталғаннан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Биылғы маусымның алғашқы жарысында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсеткеніне ешкімнің күмәні болмаса керек. Олай деп айтуға негіз, дүбірлі додалардан біздің балуандардың үш жүлдемен оралған кездері тым сирек. Оның үстіне, жеңіс тұғырына көтерілген үш спортшымыз да финалда күресті. Нәтижесінде, Пиреней түбегінде бір алтын мен екі күміс медаль олжаладық.
07 Ақпан, 2023