Оқи отырыңыз
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
9, 10 және 11 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2023
Теледебатқа қатысушылар тізімі бекітілді
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда 16 наурызда өтетін теледебаттың жай-жапсары талқыланды. Жиында «Хабар» телеарнасы саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу регламентін әзірлегені айтылды. Соған сәйкес теледебат үш раундта өткізілмекші. Отырыста комиссия мүшелері пікірсайысқа қатысатын партия өкілдерінің тізімін бекітті.
08 Наурыз, 2023
Қазір қоғамда меценат қыз-келіншектердің қатары көбейіп келеді. Бұл енді-енді дамып келе жатқан құбылыс екені мәлім.
08 Наурыз, 2023
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының мұғалімі Ұштап Таңатарованың педагогикадағы қалыптастырған жолы – жас мұғалімдерге үлгі. Жыл сайын осы оқу орнын бітіретін 45-50 оқушының бәрі де грант иегері атанса, міндетті түрде 7-8 оқушысы «Алтын медальға» қол жеткізеді. Осындай жетістіктердің басы-қасында Ұштап апай жүрген соң, ұжымдағы жас мұғалімдер тәжірибелі математик ұстаздан айырылғысы жоқ.
08 Наурыз, 2023
Әйел затының жаратылысы нәзік дегенімізбен, бүгінде қайсар да, қайратты аруларымыз үшін кез келген сала жат емес. Тіпті бұрымдылар меңгермеген мамандық жоқ десек, артық айтқандық болмас. Соңғы жылдары спорт саласында да қыздардың үлесі артып келеді.
08 Наурыз, 2023
«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесті. Жүздесу аясында екі тарап сайлау кезіндегі әділдікті бақылаудың методологиясымен бөлісті.
07 Наурыз, 2023
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, партияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев пен Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Талдықорған қаласының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.
07 Наурыз, 2023
Жеті жауқазын һәм бір үйдің апалы-сіңлілі қыздары хақында
Әу бастан қыз баласына құрметі бөлек халықпыз. Қызда кие бар, қызда құт бар деп қастерлейтінбіз. Қыз бала дүниеге келгенде ырыс пен береке босағаңнан бірге аттайды деп ырымдайтынбыз. «Шаңыраққа шыр етіп келген шақалақ, шаттығын шақыра туады» деген ұғым осындай шынайы ниеттерден кейін қалыптасса керек қой. Қалай десек те, қазақ «Қызы бар үйдің құты бар» деп бекерден-бекер айтпайды. Ал адамзаттың асыл діні Исламда «Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер тынбай келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар сол қыздың ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады» деп ғибрат етеді.
07 Наурыз, 2023
Шуақты көктемнің шырайлы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі азаматтық қоғам саласында қызмет атқарып жүрген бірқатар қыз-келіншекті құттықтап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын тапсырды.
07 Наурыз, 2023
Алматы – дәмі татқан жанның таңдайында қалатын тәтті алмалардың отаны. Алатау баурайындағы алып шаһардың тарихында осы бір жеміске қатысты аңыздар аз айтылмайды. Мегаполисте көне тарихтың бір парасын көз алдыңызға әкелетін алма музейі барын білесіз бе?
07 Наурыз, 2023
Қалай десек те, мемлекеттің өркендеуі, экономикалық дамуы ғылым саласына тікелей байланысты. Бір қолмен бесікті, екінші қолмен әлемді тербеткен ардақты аналардың, аяулы қыздардың ғылымға да зор үлес қосып отырғанын көріп қуандық.
07 Наурыз, 2023
Қазір әлемді әдеміліксіз елестету әсте мүмкін емес. Жер әлемдегі адамдардың барлығы әсемдікке, сәнге құштар. Сондықтан көктемнің керемет мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, әдемі кәсіпті игеріп, елімізде дизайн өнерінің дамуына өзінің қомақты үлесін қосып жүрген, халықаралық деңгейдегі «biвayat fashion» киім брендінің негізін қалаушы Бибаят Үсенова туралы айтқымыз келеді.
07 Наурыз, 2023
Қазақтың дүниенің әр қиырында жүрген ұл-қыздары қашанда өнерімен, адал еңбегімен жұрт көзіне түсіп жатады. Олардың жүрегінде бір мақсат бар десек, ол – ұлт үшін еңбек ету болса керек. Бүгінгі кейіпкеріміз миллиард халықтың ішінде жүрсе де, ұлтының ертеңгі болашағы үшін жұмыс істеуді өзіне парыз санаған қаракөздеріміздің бірі – Минар Нұрләззатқызы.
07 Наурыз, 2023
Домбырада – «Дудар-ай», гитарада – «Сәулем-ай»
Адамзат деген ауылдан болғандардың бәрі әуелі Алладан соң, ата-ананы айтады. Барлық елде солай, біздің қазақта екібастан. «Айтар болсаң, Алланы айт» деп тебіренген Бұқардың өзі «Оныншы тілек тілеңіз: Он ай сені көтерген, омыртқасы үзілген, аязды күнде айналған, бұлтты күнде толғанған, тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен, анаң бір аңырап қалмасқа» депті.
07 Наурыз, 2023
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суиды
Синоптиктер 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Наурыз, 2023
Министрлер жұбайларына не сыйлайтынын айтты
Мереке қарсаңында Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктері әйелдеріне қандай сыйлық сыйлайтыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Наурыз, 2023
Мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан астамы – әйелдер
Бүгінде әйелдердің саяси ілгерілеуі, корпоративтік өсуі және дамуы қамтамасыз етіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Наурыз, 2023
Жылдам жүрудің пайдасы қандай?
Күніне он бір минут жылдам жүру өлім қаупін 5,5 пайызға төмендетеді. Кембридж университетінің зерттеушілері ұсынған ақпаратқа қарағанда, аз уақыттық физикалық белсенділік өмірді ұзартады.
07 Наурыз, 2023
2023 жылы демалуға арналған үздік елдер тізімі жарияланды
Travellers' Choice Awards халықаралық премиясының 2023 жылғы нәтижесі бойынша демалуға арналған үздік ел - Куба деп танылды. Рейтингке енген 25 елдің толық тізімін TripAdvisor онлайн-сервисі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Наурыз, 2023
Елордада 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» атты көрме ашылды. Көпшілік назарына Әубәкір Ысмайылов, Ерлан Айтуаров, Мәжит Байтенов, Бақытнұр Бүрдесбеков, Әділғали Баяндин, Динара Нүгер, Ақмарал Сәрсенбаева сынды елге белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары мен XIX ғасырдағы күмістен жасалған көне зергерлік бұйымдар ұсынылды.
07 Наурыз, 2023