Оқи отырыңыз
Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті
Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймақта өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2021
Ұлттық халық санағы аяқталды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2021
Қалай десеңіз де, қазақ даласын шарлаған адам не суретші, не ақын болатыны анық. Олай болмаған жағдайда да, аузынан суы ағып, азанға дейін әңгімелер еді. Этнограф ғалым Григорий Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болады», деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Жер жүзін аралаған ойшыл орыстың осыншама тамсануының астарында үлкен махаббат жатқаны анық.
10 Қараша, 2021
Қостанай облысында табиғи ортадағы ауа мен суды зерттеп, оның құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Эколог мамандар, әсіресе, «Қостанай минералдары» АҚ, «Тоқтар» «МК», «Варваринск» АҚ мен «Бренд» және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қарасты кен орындарының маңайындағы өзен-көлдердің ластану деңгейін анықтауға көп көңіл бөліп отыр.
10 Қараша, 2021
Өңір полицейлерінің қатарында спортты жанына серік еткендер аз емес. Соның бірі – полиция подполковнигі Айбек Тілешев.
10 Қараша, 2021
Кезекті рейд. Табиғатты қызғыштай қорып жүрген инспекторлар тікұшақпен Марқакөлді маңдайға алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі жыл бұрын Марқакөлдегі браконьерлікті ауыздықтап, уылдырығы бағалы майқан (ускуч) балығын қатаң қорғауды тапсырған. Содан бері рейдтік жұмыстар күшейтіліп, браконьерлік сап тыйылды. Қазір балығы көл бетінде тайдай тулайды. Десе де, бақылау босаңсыған емес.
09 Қараша, 2021
Сақтанғысы келетіндердің саны артты
Биыл қыркүйекте сақтандыру ұйымдарының активтері былтырмен салыстырғанда 19 пайызға көбейіп, 1,7 трлн теңгеге жеткен. Бұл сома – ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 2,31 пайызы. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, сақтандыру сыйлықақы (клиенттің өзін сақтандыру үшін компанияға берген қаржысының көлемі) көлемінің өсуі және олардың құнды қағазға белсенді инвестициялануы активтер өсіміне елеулі әсерін тигізген.
09 Қараша, 2021
5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
10 қарашада еліміздегі 5 өңірінде ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2021
«Абай» шахтасындағы апат: 5 кеншіні жерлеу рәсімі өтті
Бүгін Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында қаза тапқан 5 кенші жерленді. Ертең тағы бір шахтёрмен қоштасу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2021
Алматы ТМД-дағы «ақылды» қалалар арасында екінші орында
Алматы ТМД «ақылды» қалаларының арасында екінші орында тұр. Бұл туралы брифинг барысында қаланың цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2021
Жезқазғанда Абай ескерткіші ашылды
Жезқазған қаласының «Наурыз» саябағында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткіші орнатылды. Ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың, мәдениет және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
09 Қараша, 2021
Ревакцинациядан алғаш кімдер өтетіні белгілі болды
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ревакцинация қарашаның екінші жартысында басталады. Елордадағы №15 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Сыздықова бустерлік вакцинаны бірінші болып азаматтардың қандай санаттары алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2021
Мектептегі өрттен 25 бала қаза тапты
8 қарашада Нигер елінің Маради аймағындағы мектептердің бірінде шыққан өрт салдарынан бес пен алты жас аралығындағы 25 бала қаза тапты. Тағы бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2021
Петропавлда апатты көпірді картонмен жамап қойған
Петропавл қаласындағы апатты көпірді картонмен жамап жатқандығы бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады. Жергілікті тұрғындар жарылған плиталарды жай картон қағазбен жауып, үстіне асфальт төсеген жұмысшыларға наразы, деп хабарлайды Egemen.kz Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.
09 Қараша, 2021
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың қазан айында тұрғын үй нарығындағы бағаның қалай өзгергенін есептеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2021
Қазығы Ресейде, жазығы Қазақстанда
Соңғы күндері Ресей Федерациясында тіркелген көліктердің мәселесі біраз отандасымызға бас ауру болып жатыр. Бұл мемлекеттік шекарада жатқан Батыс Қазақстан облысы үшін де ерекше өзекті.
09 Қараша, 2021
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 34 адам қайтыс болды
Қазақстанда пневмонияның 16 жағдайы тіркелді, сондай-ақ бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 34 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2021
Бұрындары балуандар елінің ұрпағымыз деп мақтанушы едік, қазір олай десек, ел-жұрттың күлкісіне қалатын түріміз бар. Өйткені күрес түрлерінен өткен аса ірі халықаралық жарыстарда балуандарымыз сүреңсіз белдесіп жүр. Биылғы жылдың өзінде екі бірдей ең ірі байрақты бәсекеден еңсеміз түскен күйі оралдық. Атап айтсақ, Токио Олимпиадасында жалғыз Нұрислам Санаевтың қола медальды иеленуге күш-жігері жетсе, Ослодағы әлем чемпионатында тек Жәмила Бақбергенова мен Алмат Кебісбаев қана жеңіс тұғырына көтеріле алды.
09 Қараша, 2021
Алматы жастарының саяси мәдениеті қай деңгейде?
Осы сұраққа жауап іздеу мақсатында «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Алматы қаласындағы жастардың саяси мәдениетінің қалыптасуына ықпал ететін факторлар» атты стратегиялық сессия өткізді.
09 Қараша, 2021
Баспана салу – құрылыс саласындағы басты бағыт
Шымкент қаласының білім ордаларында 125 мыңнан астам студент оқиды. Бүгінде 8 жоғары және 38 арнаулы оқу орнының студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз ету мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың мәліметіне қарағанда, мегаполиске Түркістан облысының аудандары мен көршілес өңірлерден шамамен 75 500 жас келіп оқиды. Яғни осыншама студент жатақханамен қамтылуға тиіс. Қала әкімдігі осы мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырып, ауқымды жұмыстарды қолға алып отыр.
08 Қараша, 2021