Оқи отырыңыз
Ұлыбритания цифрлы валюта туралы ойлана бастады
Өзге елдер, соның ішінде Ресей мен Қытай да өздерінің сандық валюталарын дамытып жатыр.Ұлыбританияның қаржы институттары, цифлық валютаны зерттеу және оны шығару мүмкіндігін талқылау үшін бірлескен топ құрды, деп жазады Egemen.kz аталған банктің сайтында жарияланған дерекке сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Жыл басынан бері Алматыда 278 адам індеттен көз жұмды
Биылғы 1 қаңтар мен 10 сәуір аралығында Алматыдағы «Қалалық патологоанатомиялық бюросына» қала стационарларынан коронавирустық инфекциядан қайтыс болғанын ПТР (U 07.1) растаған 278, расталмаған КВИ ПТР (U 07.2) – 38 қайғылы оқиға тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласы «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеуден жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Петропавлда түн жамылған тонаушылар ізі суымай ұсталды
Петропавл көшелерімен түнде келе жатқан екі бозбала танымайтын екі адамның өздеріне күш көрсетіп, «Samsung S8» маркалы қалтафондарын тартып алғанын айтып, полицияға шағымданған. Келтірілген шығын 60 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Коммуналдық сенбіліктер басталғаннан бері 940 тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал рұқсат етілмеген орындардан тағы 72 тонна қоқыс тазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.иыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланы таза ұстау және абаттандыру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіледі.Бірінші. Санитарлық тазалау және абаттандыруАуқымды жұмыстарға күн сайын 2 200-ден астам жол жұмысшы және бір мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Оның барысында көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жұмыстарын жүргізу, орамішілік абаттандыру, қурап қалған бұтақтарды кесу сондай-ақ, елорда жолдарын ұзаққа созылған қыстан кейін арнайы сусабынмен жуу жоспарланып отыр.Екінші. Экологиялық акциялар және коммуналдық сенбіліктер10 сәуірден бастап қалада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы кезеңде полигонға 940 тоннадан астам қалдық шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге ПИК, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субъектілері, белсенді қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.Мысалы, әкімдіктің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниялары аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек жуу пункттерін ашады, кіреберіс жолдарды тегістейді және өзге де абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары айыппұл төлеуге, жұмыстарын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады.Жалпы алғанда, коммуналдық сенбіліктерге қаланың 1900-ге жуық кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Аудандық әкімдіктер сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындардан 72 тонна қоқыс шығарды.Үшінші. Ағаш отырғызуЭкологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, Нұр-Сұлтанда жасыл экологиялық аймақтар пайда болады.Төртінші. Жол жұмыстарыҚалада бірқатар жол жұмыстары жүргізілуде: белгілер орнату, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і тұрғын үй алаптарында орналасқан. Биыл сондай-ақ қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерге және т.б. баса назар аударылатын болады.
19 Сәуір, 2021
Шымкенттік жолшылар жеміс ағаштарын отырғызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жаппай жасылдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес шымкенттік жолшылар «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының өндірістік базасы аумағында алма, алмұрт, өрік секілді түрлі жеміс көшетін екті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
СҚО-да Ленин көшесі Абай көшесі болып өзгертілді
Солтүстік Қазақстан облысында бұған дейін бір жылда екі ауылдық округтың, үш ауылдың және кейбір ауылдық елдімекендер көшелеріне берілген 336 атау өзгеріп, қазақша аталғаны туралы айтқан болатынбыз. Сонымен бірге облыстың бес мәдениет және білім беру нысандарына қазақ халқының аса көрнекті тұлғалары Абайдың, Қожаберген жыраудың, Ақан серінің, Мағжан ақынның және әнші Ермек Серкебаевтың есімдері берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
Таразда үш жасөспірімге оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді
Бүгін Тараз қаласында үш жасөспірімге оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Қостанайлық ер адамнан 105 грамм есірткі тәркіленді
Лисаковск қаласында ер адам тыйым салынған психикалық белсенді заттардың ірі партиясымен қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Елордада 60 мыңға жуық адам екпе алды
Елордада сәуір айынан бастап қала тұрғындарын ғана емес еліміздің өзге өңірлерінен келген азаматтарды да жаппай вакциналау басталды. Сәуір айының басынан бастап шамамен 47 мың адам вакциналанды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Тараздық дәрігерлер кілт жұтып қойған баланы құтқарды
Баланың ата-анасы бір аптадан соң, тек жылай бастағанда көмекке жедел жәрдем қызметін шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Сәуір, 2021
Биыл жасанды жолмен 7 млн бекіре шабағын шығару жоспарлауда
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің балық өсіру кәсіпорындары жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстарын жасанды түрде молайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Шымкент: Жылжымалы егу пунктерінде ковидке қарсы вакцина салынуда
Шымкент қаласындағы опера және балет театрында ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Осындағы жылжымалы егу пунктінде №14 емдеу орталығының мамандары театр қызметкерлері мен ерікті түрде келген қала тұрғындарына ковидке қарсы екпе егуде. Медицина мамандары мұнда 19-20 сәуір күндері жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
Балық аулаймын деп айыппұл арқалап жүрмеңіз
Уылдырық шашу кезінде заңсыз балық аулауға жол бермеу үшін Шығыс Қазақстанда 16 сәуірден бастап «Нерест-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
Ілім өте құнды дүние. Шынайы ілім адамға өз әлсіздігін, кемшілігін және Раббының үстемдігін, ұлылығын көрсетеді. Жаратушысына болған қорқынышын және құлдарға болған қарапайымдылығын арттырады. Құлдардың ақыларына мән беретін болады. Осындай ілімді үйрету және үйрену парыз. Бұл пайдалы ілім. Ілім ықыласпен ғибадат жасауға себеп болады. Ілімнің емі екі нәрсені білумен іске асады. Біріншісі, ілімнің құнды, абыройлы болуы, салих ниетке байланысты. Ілімді надандықтан және нәпсінің қалауынан құтылу үшін үйрену керек.
19 Сәуір, 2021
Палата отырысының күн тәртібі бекітілді
Парламент Сенатының Бюро мүшелері ағымдағы жылдың 22 сәуірінде өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Осылайша, депутаттар Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау бойынша заң жобасын қарайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
Тұғыл тұрғындары балықшының мәйітін судан шығарды
Бүгін Тарбағатай ауданы, Зайсан көлінде Тұғыл кентінің тұрғындары суға кеткен екінші балықшының денесін тауып, судан шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
Сарыағашта құтқарылған тасбақалар табиғат аясына қайта жіберілді
Түркістан облысының тарихи орындарын зерттеу мақсатымен жолға шыққан «Алқакөл» экспедициясы мүшелері Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округінің аумағындағы келеңсіз жайтты әлеуметтік желі арқылы тиісті орындардың назарына салған-ды. Ауқымды жер телімі қоршау ретінде заңсыз қазылып, терең шұңқырларға түскен тасбақалар шыға алмай қалған.
19 Сәуір, 2021
Польшада 13 боксшымыз қарсыластарын жайпап келеді
Бұл күндері Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің ширек финалына шыққан боксшылар толықтай анықталды.
19 Сәуір, 2021