Оқи отырыңыз
Бозоқ қалашығы (Еуразиялық кеңістікте орналасқан елорданың ежелгі тарихы)
Елорданың батысы «Үркер» шағын ауданының солтүстік ірге қапталында Бозоқ қалашығының табаны жатыр. Бұл нысанға 1999 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен танымал археолог Кемел Ақышев ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде хронологиялық тұрғыдан – ежелгі түрік ғибадатханасы, ортағасырлық қалашық қыпшақ мұрасы, Алтын Орда кезеңінің қорымы анықталған болатын.
02 Сәуір, 2021
Цурцумия қырқында қамал ала ма?
Сәуірдің 9-ы мен 11-і аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Токиода жалауы желбірейтін Жазғы Олимпия ойындарына жолдама беретін Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Алатау баурайында ұйымдастырылатын балуандар бәсекесінде күрестен Жапониядағы дүбірлі бәсекеге соңғы лицензиялар сарапқа салынады.
01 Сәуір, 2021
Осыдан дәл 125 жыл бұрын, яғни 1896 жылдың 6 сәуірінде Грекияның астанасы – Афина қаласында қазіргі замандағы тұңғыш Олимпия ойындарының шымылдығы түрілді. Ол уақытта алқызыл алау тұтанбайтын, ант берілмейтін, алтын медаль тапсырылмайтын, жалпы-командалық есептегі жағдай да есепке алынбайтын... Міне, осылай тізбектей берсек, о замандағы мен бұ замандағы жаһандық доданың арасында алшақтық тым көп-ақ.
01 Сәуір, 2021
Айтұрған Темірова: Кез келген актер тұлғаны бейнелеуді армандайды
Кезінде Айтұрған Темірованы Батыс журналистері бұрын Кеңес Одағының Джина Лоллобриджидоға теңесе, қазақтар өзіміздің Әлия деп бауырына басты ал бауырлас қырғыз халқы біздің Айтұрған-Әлиямызды қырғыз киносының ханшайымындай алақанына салып отыр. Қырғыз президенті Садыр Жапаров мерейтой иесін арнайы құттықтаса, біздің Мәдениет министріміз Ақтоты Райымқұлованың қазақ халқының атынан білдірген жүрекжарды лебізін Қырғызстандағы Қазақ елшілігінің өкілдері салтанатты жағдайда табыстады. Өткен аптада ғана шығармашылығының жарты ғасырлық мерейтойын тойлаған Айтұрғанмен кездестік. Арадағы әңгіме кино әлемінде қазақ пен қырғыздың еншісі бөлінбеген кездердегі естеліктерімен жалғасты. Ол қазақ тарихына қатысты жаңа жобаларда өзін көргісі келетінін де айтып өтті.
01 Сәуір, 2021
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы 2-тур ойынында сырт алаңда Украина құрамасымен жолығып, алғаш рет тең ойнады.
01 Сәуір, 2021
Өз заманынан оза туған Абай қазаққа «ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғұлама туралы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді», деген еді.
01 Сәуір, 2021
Шығыста тұңғыш рет карикатура, шарж көрмесі өтті
Мұндай көрме бұрын-соңды Шығыста болмаған. Бүгін 1 сәуір – күлкі күніне орай Өскемендегі А. Пушкин атындағы кітапханада «Езу тартар» атты шарж, карикатура көрмесі өтті.
01 Сәуір, 2021
Атырауда жансақтау бөліміндегі 16 науқастың жағдайы ауыр
Атырауда жансақтау бөлімінде ауыр халдегі 16 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021
Елордалық спортшы гір көтеруден Қазақстан рекордын орнатты
Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Ақмарал Зупар Петропавлда өткен гір көтеру спортынан Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Ол сондай-ақ салмағы 24 кг салмақты 201 рет көтеріп, ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
01 Сәуір, 2021
Банктердегі депозитіміз 11 триллион теңгеден асты
Резиденттердің депозиттік мекемелердегі депозиттерінің көлемі 2021 жылғы ақпанның аяғында бір айда 0,6% -ға төмендеп, 22 547,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 4,9% -ға, 11 358,6 млрд теңгеге дейін азайды, жеке тұлғалардың депозиттері 4,3% -ға, 11 188,5 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасай отырып жазады.
01 Сәуір, 2021
Қызылорда әкімі жаңа қызметке барды
Нұрлыбек Машбекұлы Премьер-Министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz syrboyi.kz сайтына сілтеме жасап.
01 Сәуір, 2021
ҚазҰУ-да «Студенттік көктем» байқауының жеңімпаздары анықталды
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021
Елордада карантин талаптарын бұзған 14 кәсіпкерлік субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Елорданың мобильді топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына және карантиндік шаралардың қатаңдатылуына қарамастан қалада күн сайын карантин режимін бұзушылар анықталуда. Өткен тәулікте мобильдік топтар осындай 14 фактіні тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
01 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанға санитарлық бекеттер қойылды
Шығыс Қазақстан облысымен шектесіп жатқан өзге өңірлер қызыл аймаққа енгендіктен,тұрғындардың денсаулықтарын сақтау үшін облыс шекараларына санитарлық бекеттер қойылды. Бірақ әзірше жеңілдетілген шектеу шаралары сақталып отыр.
01 Сәуір, 2021
Қазақстанның түркі әлеміндегі қызметі сабақтастық арқылы жалғаса береді - Дархан Қыдырәлі
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстанның бастамасымен өткен Түркі кеңесінің кезектен тыс бейресми саммитіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі қырғыз режиссері Шер-Ниязбен кездесті
Бүгін Бішкекте Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қ. Нұрпейісов Қырғыз Республикасының қоғам қайраткері, кинорежиссер, продюсер C.Шер-Ниязмен кездесті, деп жазады Egemen.kz Қырғызстандағы Қазақстанның елшілігі таратқан дерекке сілтеме жасап.
01 Сәуір, 2021
Банк ВТБ «Кселл» кредит желісін 1 миллиард теңгеге ұлғайтты
Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекші оператор болып табылатын «Кселл» АҚ пен Банк ВТБ (Қазақстан) кредит лимитін 6 миллиард теңгеден 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайту туралы келісімге қол қойды. Кредит желісінің мерзімі 2023 жылдың 15 қазанына дейін жылдық 10,7% мөлшеріндегі сыйақы төлеумен ескерілген. Компания алынған қаражатты айналым қаражатын толықтыруға жұмсамақ.
01 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 12 700 азаматқа екпе егілді
Түркістан облысында 12 700 адамға COVID-19 індетіне қарсы екпенің 1-компоненті егілді. Бүгінде оның 6 173-і вакцинацияның екінші кезеңінен де өтіп үлгерген. Олардың қатарында медицина және полиция қызметкерлері мен мұғалімдер бар.
01 Сәуір, 2021
Биыл Ақжар мен Тұғылда «Ашық әкімдік» ашылады
«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында өткен тікелей эфирде Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Смаилов ауданда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021
Индустриялық аймақта биыл 9 кәсіпорын іске қосылады
Жалпы инвестиция көлемі 40,5 млрд теңге болатын 9 жоба барысында 800-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында іске қосылатын «Рахат СК», «г. С. г. Высотник», «Қаз-Диа-Тест», «City Stone», «Әлем Тынысы», «Asia steel pipe corporation», «Электробар», «Valtherm», «Technokont» өнеркәсіп өнімдері өндірілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021