Оқи отырыңыз
Елімізде 11 жұмыс тобы саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтаумен айналысады
Алматыда онлайн форматта қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен саяси репрессия құрбандарын ақтау мәселесін жан-жақты зерделеп, оны шешу мақсатында құрылған арнайы қалалық комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Сәуір, 2021
Атырауға «Спутник V» вакцинасының 3 600 дозасы жеткізіледі
Атырауға тағы да «Спутник V» вакцинасының 3 600 дозасын жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021
QazVac вакцинасы вирустың мутацияланған штамдарына да төтеп бере алады
Қазақстандық инактивтендірілген вакцина толығымен вирионнан жасалған. Онда вирустың ішіндегі ақуыздардың барлық спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де, QazVac (QazCovid-In) вакцинасы вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді.
01 Сәуір, 2021
Қордайда «ерекше» балаларға арналған түзету кабинетінің филиалдары ашылды
«ДАРА» ЖҚ «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асыратын «Әр алуан – бірақ тең» жобасы аясында Қордай кентіндегі түзету кабинетінің филиалдары Жамбыл облысының Масаншы және Сортөбе ауылдарында ашылды. Ал Қордай ауданының өзінде Ресурстық орталық өз жұмысын бастады. Бұдан басқа 15 жылдан бері жұмыс жасайтын Қордай түзету кабинетінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен толық жабдықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021
Атырауда коронавирус инфекциясының өршуіне не себеп болды?
Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауов коронавирус инфекциясы өршуінің бірнеше себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021
Павлодарда көпқабатты үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды
Павлодар қаласында өрт сөндірушілер 40 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Сәуір, 2021
Солтүстік Қазақстанда 26 жүргізуші мас күйде ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп, нәтижесінде 5 күннің ішінде көлікті мас күйде басқарған 26 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Сәуір, 2021
Бүгін «Бекіре» балық қорғау акциясы басталды
Қазақстанның табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру кезінде 2021 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында кең ауқымды "Бекіре"балық қорғау акциясы өтеді.
01 Сәуір, 2021
Өткен тәулікте 1873 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1873 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021
Қазақстанда 220 мыңнан астам адам коронавирустан жазылды
Қазақстанда өткен тәулікте 1219 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2021
1 сәуір – Күлкі күні Бір аптадан соң ғана үйге қайту Халқымыздың аяулы перзенттері Қанабек Байсейітов пен Күләш Байсейітова қазақтың бар жақсы қасиетін бойларына жинаған қонақжай, ақ көңіл, дос-жарандарымен соңғы дүниесіне дейін тең бөлісетін ғажайып дарқан жандар еді деседі. Осы кісілердің үйіне бірде «амандасамыз» деп бір топ ақтөбелік өнерпаз жастар қонаққа келіпті. Қанабек пен Күләш жас артистердің алдына дастарқан жайып, тәтті-дәмдінің бәрін қойып, шама-шарқынша құрмет жасайды. Түннің бір уағы болып, өнерпаз жастардың Ақтөбеге қайтатын мезгілі де жақындайды.
01 Сәуір, 2021
Дәрі жарнамасы дұрыс болуы тиіс
Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасында тауарларды тиімді пайдалануға ықпал ететін толық және расталған мәліметтер болуы тиіс. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары туралы жаңартылған бұйрығымен бекітілген.
01 Сәуір, 2021
Махамбет атындағы қазақ академиялық драма театрының жанынан қуыршақ театры ашылды. Жаңа өнер ұжымының әртістері кішкентай көрермендеріне «Ата мектебі» спектаклін ұсынды. Балаларға арналған алғашқы қойылымның авторы – театр әртісі Бекет Зинуллин.
01 Сәуір, 2021
Алматыдан автобустар түнде аттанады...
Әлдеқандай шаруамен Алматыдан Шымкентке жол жүретін болдық. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің күндіз де ағылып жататыны белгілі, алайда, «атар таңға жүрсең де, батар күнге жүрме» дейтін кешегі қисын бүгінге жүрмейді, автобустар Алматыдан түнде аттанады.
01 Сәуір, 2021
Еліміздегі екі ірі банк – АТФБанк пен Jýsan Bank 16 наурыз күні өткен екі банк акционерлерінің кездесуінен соң бірігу туралы жариялады. Қосылу процесі осы жылдың аяғына дейін созылмақ. Бірігуге рұқсат алуға байланысты құжаттар бекітілген заңдық мерзім аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолданатын болады.
01 Сәуір, 2021
Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды
Елордалық жеті қаламгер Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды.
01 Сәуір, 2021
Жамбыл мен Мұқағали шығармалары ұлықталды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапхана Қазақстан – Швеция Корольдігіндегі елшілігімен бірлесіп, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғалары Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ұлт мақтаныштары» атты онлайн форматта халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
01 Сәуір, 2021
Жуырда Алтай тау сілемдеріне орнатылған фототұзақтың объективіне қар барысы ілінді. Сұлу жануар Катонқарағай ауданында суретке тұңғыш рет 2014 жылдың қаңтарында түскен-ді. Одан кейін де бірнеше рет ілбіс Алтайдың асқарына орнатылған фототұзақтың алдынан өткен.
31 Наурыз, 2021
Жетістіктің кілті – командалық рухта
Тұғырлы тәуелсіздігіміздің 30 жылында қазақстандық спортшылар жекелей спорт түріндегі талай әлемдік додаларда бақ сынап, байрақты бәсекелерде ел мерейін асырып келеді. Осы орайда біз жан-жақта ойнап жүрген спортшыларымыздан жасақталып, ел үшін, елдің намысы үшін бір тудың астына бірігіп, командалық рухты қалыптастырған ұлттық құрамаларымыздың әлем чемпионаттарындағы нәтижелеріне тоқталғанды жөн көрдік.
31 Наурыз, 2021
Ыстанбұл көшелерінен қарғадай болып еңбек етіп жатқан балаларды көру таңсық емес. Қолы-қолына жұқпай жүргіншілерге қызмет етіп, аяқ киім тазалап жатқан 10 жасар шамасындағы ер балаға көзім түскенін аңдаған танысым бір отырғанда өз өмірін айтып берген.
31 Наурыз, 2021