Пікірлер .
Көршімен жақсы болғанның көңілі жай
«Түсі игіден түңілме» деген сөзді дана бабаларымыз тегін айтпаған. Ақжарқын, мейірбан жүзді адамның ішкі дүниесі де жарқын, жасампаздыққа құштар болатынын психолог ғалымдар да дәлелдеген. Керісінше, қабағы қату, түксиген адамдар тұйық, соған сәйкес мінезі де ауыр келеді. Мұндай адамнан мейірімнен гөрі қатігездік көп шығатынын да ғылым баяғыда-ақ айтқан.
04 Қазан, 2017
Өкпе-назды да өркениетті үлгіде білдіре білейік
Арызқойлық қазақтың өміріне отарлық кезеңінде енген кертартпа, келеңсіз көріністің бірі. Отарлаушылар халықты бір-біріне қарсы қойып, бірінің үстінен бірінің арыз-шағым жазып тұруын ынталандырып, ақырында арызқойлықты келеңсіз өмірдің кесірлі нормасына айналдырған еді.
25 Қыркүйек, 2017
Өмірде сүйіп-күйіп жастайынан қосылып, бар сырыңмен, бар шыныңмен бөлісіп, ұзақ жылдар «екі жарты бір бүтін» болып бірге тұрып, бірнеше баланы өмірге келтіріп, енді жасы ұлғая бастаған шақта ажырасуға тура келген адамдардың отбасындағы трагедиядан артық азап бар ма екен?
04 Қыркүйек, 2017
Орынсыз сән-салтанатқа орын жоқ
«Үміт еткен көзінің нұры» деп санайтын қарашығынан, әсіресе жалғыз ұлынан қазақ ештеңесін аямайды. Барын салып, бәрін шашып ешкімге ұқсамайтындай той жасауға тырысады.
22 Тамыз, 2017
Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі
Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мәселенің бірі Корей Халық-Демократиялық Республикасының ядролық қаруға қол жеткізу саясаты болып отыр.
17 Тамыз, 2017
Үлкен дүниенің бәрі ұсақ нәрседен басталады. Адамның мәдениеттілігі де солай, қолындағы темекі тұқылын бей-берекет лақтыра салу ұсақ нәрсе сияқты. Бірақ содан адамның мәдениеттілігі көрінеді. Ішкі мәдениеті жоғары, жақсы тәрбие көрген адам ешқашан қолындағы қоқысты шаша салмайды, қандай алыста болса да тастайтын жәшік іздейді, тіпті таппаса барынша елеусіз етіп, шашылып жатпайтындай қылып тастауға тырысады. Отырған жеріне бей-берекет түкіре беретіндерден де адамның мәдениеттілігі көрінеді. Сол сияқты патриоттық сезім, туған елге деген сүйіспеншілік те ұсақ нәрседен аңғарылады.
01 Тамыз, 2017
Қазақ елі өз тарихының соңғы үш ғасырдағы бақытты 25 жылын да артқа тастап, келесі белесіне де аяқ басты. Кейде осындайда арғы-бергі еске түсіп, түрлі ойларға батасың. Өткенді өскелең ұрпаққа үнемі білдіріп, бардың қадірін бағалатып отыру керек-ау деген ой түйесің. Әйтпесе, бүгінде бәрін оңай келгендей көретіндер көбейіп бара жатқан секілді көрінеді.
12 Шілде, 2017
«Спортигте» нең бар еді, құлыным?..»
Байқай бермейміз, қазіргі қазақтар тым икемделгіш болып барады. Сонда жақсылыққа икемделгіш болса жарайды ғой, бірақ қайдағы бір «әсіре қызыл – тез оңар» дейтін дүниелерге еліктегіштігімізді, құмарлығымызға не айтасың. Осының өзі Президент айтқан ұлттық кодымызды жоғалта бастағанымыздың көрінісі емес пе екен?
19 Маусым, 2017
Халықты категорияларға бөліп, жіктеп талдағанда, оның негізгі бөлігі қарапайым халық екендігін көреміз. Бұл – кез келген ұлттың кем дегенде 80 пайызын құрайтын ең басым бөлігі. Ғылыми тілмен оны «масса» деп атаса, қазақ баспасөзінде «көпшілік, бұқара» деген сөздермен «тәржімалап» жүрміз.
11 Мамыр, 2017
Сөздің өтімділігі, тыңдаушының құлағына қонып, жүрегіне жетімділігі алдымен сөйлеушінің шеберлігіне, нақтылығына, шыншылдығына және қарапайымдылығына байланысты. Кейде шешеннің дауыс ырғағының құлаққа жағымдылығы мен анық естілуі де айтылған сөздерді тез ұғуға, ықыласпен қабылдауға ықпал етеді. Радио мен теледидардың жүргізушілерін, әсіресе, осы қасиетіне қарап қабылдайды.
21 Сәуір, 2017
«Қалдық қағидатынан» құлан-таза арылдық па?
Әлхамдулилла, тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асып барады. Біреуден ілгері, біреуден кейін жүріп жатырмыз. Жетістігіміз көп, жетпегеніміз де жетерлік. Бірақ бәріне де шүкір дейміз, әйтеуір «жоқ» дегеннен аулақпыз. Халықтың негізгі бөлігі орта деңгейіміздегілер. Шылқығын байлар мен сіңірі шыққан кедейлер де бар, бірақ олар аз. Қоғамда ондайлардың болуы да заңды.
12 Сәуір, 2017
Ядролық қауіп ортақ тіл табуға итермелейді
АҚШ президенті Дональд Трамптың халықаралық саясаттағы дипломатиялық қарымын сынайтын сын сағаты туып тұр. Ол алдағы бейсенбі күні Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен Флорида штатындағы өзінің дербес үйі Мар-а-Лагода екі күндік саммит шеңберінде кездеседі. Осы саммитте Д.Трамп Қытай лидерін өзін алаңдатып отырған мәселені бірлесіп шешуге көндіре ала ма, жоқ па деген күдікті АҚШ баспасөзі жарыса жазуда.
05 Сәуір, 2017
Ескерткіш орнату – өте ерте заманнан басталған дәстүр. Алдымен ежелгі Грекияда қолға алынып, құдайларға ескерткіш қойылған. Одан Римде жалғасып, белгілі императорларға ескерткіш орнату дәстүрі қалыптасқан.
14 Наурыз, 2017
20 қаңтарда АҚШ қана емес, бүкіл әлем алаңдап әрі қызығушылықпен күтіп отырған оқиға болып, жаңадан сайланған президент Дональд Трамп өзінің қызметіне кіріседі. Алаңдау мен қызығушылықтың басты себебі – ешқашан мемлекеттік қызметті атқарып көрмеген адамның әлемдегі ең әлеуетті мемлекеттің ең жоғары лауазымының орынтағына шығуы болып отыр.
13 Қаңтар, 2017