Пікірлер .
Жасаған иеміз бізді есті жан етіп жаратқан соң айналамыздағы тіршілік атаулыға аялай қарағанымыз абзал. Төрткүл дүние төсін тел емген сан жетпес санасыз «жерлестеріміз» алдындағы сол жауапкершілікті сезінгендіктен болар, жер бетіндегі аң-құстар мен өсімдіктер әлемін сақтаудың амалдарын іздеп аласұрамыз.Тұқымы тұздай құрудың алдында тұрғандарын «қызыл кітапқа» кіргіземіз. Дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау – саналының сауапты ісі. Асылында, арда табиғаттың тепе-теңдігін бұзбағанға не жетсін!
26 Тамыз, 2019
Қытайдан табылған қырық тармақты көне папирустардың бірінде «кім көрінген кітап жазғысы келеді» деген дерек хатталып қалыпты. Соған қарағанда, адамдардың ақ қағаз бен қара қаламға әуестігі әлімсақтан бергі үйреншікті үрдіс тәрізді. Бүгінде бұл «ауру» тіпті асқынды. Жалықпағанның бәрі жазарман. Ет пен терінің арасындағы ептеген желік буымен көркемдігі сын көтермейтін быттыбай-шыттыбайларын бастыратын пысықайлар көбейді. Өкінішке қарай, кең-байтақ рухани кеңістігіміз тонналаған керексіз дүниелер топанына толып кетті. Бірақ бұған тосқауыл қоя алмаймыз. Өйткені «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы». Оның үстіне кез келген баспа «ақысын төлесең, боқысын шығарады». Сөйтіп әдебиет – ардың емес, бардың ісі болып тұр.
28 Мамыр, 2019
Атақты «Жолбарыс тонды жиһангезді» жазған грузиннің ұлы ақыны Шота Руставелидің «Уақыттың уақыты жоқ» дейтін жыр жолдары бар көрінеді. Оны кезінде Мәскеудегі Останкино телестудиясында оқырмандармен кездесу кешін өткізген гүржінің гүрзі қаламды жазушысы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Нодар Думбадзенің аузынан естіп білген едік.
21 Мамыр, 2019
«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»
«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.
19 Қараша, 2018
Музей – тарихпен тілдесу мүйісі
Аспан асты, жер үстінде өсіп-өнген қай халықтың болмасын адамзат тарихынан алар орны олардың ғаламдық өркениет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек.
24 Мамыр, 2018
Журналистика – мәртебелі мамандық
Кейінгі кездері журналистика төңірегінде жүйкеге тиерлік жүйесіз сөз көбейіп кетті. Аяқ астынан Америка ашуға әуес әлдекімдер әртүрлі «сәуегейлік» әңгімелер айтумен әлек.
22 Тамыз, 2017
ЭКСПО екі айналып келмес саған...
Алаштың алтын алқасындай Астананың ажар-көркіне аспандағы ай қызығып, көктегі күн сүйсінгендей. Сарыарқадағы шамшырақтай самала шаһар қазір тіпті құлпырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жаһанның жетістіктері жайнап төрінде тұрса, бес құрлықты бетіне қаратар бедел жинамай қайтеді енді.
16 Тамыз, 2017
Қазақтың Котэдей комментаторы қайда?..
Абай атамыз айтқандай, «қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» екені рас. Бірақ сол толғауы тоқсан туған тіліміздің спорт репортажына келгенде тұсаулы аттай тоқырап, тұтыға беретіні қалай екен, осы?
18 Шілде, 2017
Елді елеңдеткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылды. Аспан асты, жер үстіндегі айдай әлем Астанаға көз тігіп отыр. Бұйырса, мұнда жаһанға сүйіншілеп жар салуға жарарлық небір ғылыми-техникалық жаңалықтардың тұсауы кесілмек.
12 Маусым, 2017
Қызғалдақтар, сарғалдақтар... Әсем әннің арқауына айналған әдемі гүлдер. Аттары әмбеге аян. Ал, енді көктемде көк белдерді көмкеретін осынау көркем өсімдіктердің тұқымы ерек туысы – қарғалдақтар туралы көп біле бермейміз.
29 Мамыр, 2017