Пікірлер .
Бірде әріптес ағамыз стимул деген сөздің түп мағынасы туралы кім не біледі деп сұрап қалды. Ынталандыру деген мағынаға саятын шығар деп едік, сөйтсек ол сөздің әуелгі мағынасы ынталандырудан гөрі ызаландыруға көбірек келеді екен. Латын тілінен тікелей аударғанда stimulus деген сөз – мал айдайтын үшкір таяқ, пілді піскілеп жүргізетін, испандықтар қызығып тамашалайтын коррида ойынында бұқаны одан сайын ызаландырып, шабынан түртпектейтін таяқтың атауы болып шықпасы бар ма? Естімеген елде көп деп бір күлісіп алдық.
20 Ақпан, 2022
Тәуелсіздікті енді алған алғашқы жылдардағы саяси әлеуметтік ахуалды жас буын жақсы білмейді. Жалпы кез келген адам не нәрсеге болсын біржақты үкім айтпағаны дұрыс. Бірақ сол кездегі жағдай туралы бүгінгі аға буын, зиялы қауым әлдебір сұмдықтарды абайсызда өздері айтып қалғанда не деріңді білмей қаласың.
26 Қазан, 2021
Түнеу күні қым-қуыт тірліктің қуыс-қуысымен, жауын-жауынның арасында жұмыс орнымызға жақын жердегі кітап дүкеніне бас сұқтық. Кейде қалтаңда артық ақшаң болмаса да сол бір жып-жылы дана да момын, кемел де керемет мекенге жалқы сәт болсын жолай кіріп-шыққың келіп тұрады ғой. Біз де сол сағынышпен, сол аңсармен ақылдың асыл қазынасы үйілген ақ зер бөлменің есігіне ендік.
13 Қазан, 2021
Өткенде қазақтың аяулы тұлғасы, ұлт батыры Жұмабек Тәшеновке елорда төрінде ескерткіші орнатылғанда мұқым қазақ қатты қуанды. Шаттанған жұрт тіпті еңселі ескерткіштің әр деталін өздерінше сөйлетіп, тамсана тамашалап, бір-бірінен естері шыға сүйінші сұрасты. Шынында да, қазақтың бес бірдей облысын, шұрайлы қонысын жат қолынан арашалап қалған арысқа қойылған тұғырлы мүсін кәдімгідей рухыңды оятады.
26 Тамыз, 2021
Несін айтайық, осы күні интернеттің беті «иманды болсын» деген сөзге иін тіресіп тұр. Бетін әрі қылсын, бүгінгі мынау дауасыз дерт, аты жаман ажал талай жақсымыз бен жақынымызды жалмап кетіп жатқан аласапыран уақытта сол сөзді естігіміз, көргіміз келмей-ақ тұрады. Бірақ суық сөз сумаң етіп жылдам тарай жөнеледі емес пе? Жаныңды ызғар қарып өткендей, арқаңды қайғының қара қамшысы осып түсіргендей жайсыз хабарды оқып есеңгіреп қаласың...
11 Маусым, 2021
Бүгінде әлеуметтік желіден туындап жатқан әлек аз емес. Әлеуметтік желі желі емес, желім болып тұр. Жаман әдет жабысқыш келеді емес пе? Батыстың қаңсығын балаларымыз таңсық көретіні сонша, жылтыраққа жапа-тармағай жабыса кетеді. Бұрын ерсі қылық істеген адам жазаланатын еді, қазір жарнамаланатын болды. Бақсақ, осы күні хайп деп, пранк деп, ар мен ұяттан емін-еркін аттай беретіндердің аты озып тұр екен.
26 Мамыр, 2021
Біз көбіне шығармашылықта шекара жоқ деп айтып жатамыз. Алайда қасиетті өнерде мәңгілік ұлы шекара барын көбіміз мойындағымыз келмейді. Ол шекара және сіз бен біз ерсілі-қарсылы кіріп-шығып жүре беретін иесіз есік я болмаса қараусыз қақпа емес, тек жанкешті нағыз дарын, өмірін өнерге көзсіз құрбан еткен тума талант ғана аттай алатын айрықша асу, биіктігіне кез келген адамның білім-парасаты жете бермейтін бөлек белес.
11 Наурыз, 2021
Егер сіз үлкен шелектің ішіне ортасынан толтырып тірі шаяндарды салып қойған болсаңыз, жыбырлаған жәндіктер әлгі ыдыстан ешқашан шығып кете алмайтыны қызық. Былай қарасаңыз шамалары бар-ақ шаяндар. Тарбиған аяқтарын бір-біріне тіреп, балтырларын баспалдақ ете қойса ыдыстан ытқып шығардай-ақ әлеуеттері жетерлік. Бірақ өкінішке қарай, олар әлгі ыдыстан ешқашан шыға алмайды екен. Неге деп басында біз де таң қалдық. Сөйтсек еш құпиясы жоқ болып шықты. Сол өзімізге жақсы таныс баяғы бақастық, өмірі бітпейтін күндестік, іштарлықпен індес көреалмаушылық деген көлденең көк мінездер осы әрекетке әбден тосқауыл болатын тәрізді. Бейшара шаянның біреуі сыртқа шыққысы келіп талпынса, әлбетте басқалары оның аяғынан тартып, жармасып, жабылып жүріп міндетті түрде құлатып тынады екен. Яғни мен шықпадым, демек сенің де шықпауың керек деген жабайы тірлік.
17 Ақпан, 2021
Мәдениетіміздің мәйегі – сөз. Оны олпы-солпы қолдану кез келген ұлтқа ұят саналады. Оның ішінде ұлы дала төсін мыңдаған жылдар бойы мекен еткен кешегі көшпелі дала халықтары сөз мәдениетіне ерекше мән беріп қараған еді. Тіпті, өмір сүру философиясын сөзбен тікелей байланысты бағамдаған қарға тамырлы түркі жұрты үстіңдегі бөзіңе емес, алдымен аузыңдағы сөзіңнің салмағына сын артатын болған.
11 Қараша, 2020
Кейде қазақ сөзінің қатпар-қатпар тереңіне бойлаған сайын тарихи танымыңның тұғыры өсіп, бағзыда салып кеткен бабалар жолының көне сорабына қалай түскеніңді аңғармай да қаласың. Өкінішке қарай көшпелі түркі тайпаларының, оның ішінде қазақ ұлысының қаншама көне сөзі айналасы бір ғасырдың ішінде аяусыз қысаспен санадан сүрілді. Ұлттың жаны тіл екенін жақсы білген басқыншылар алдымен қазақтың бай сөздігіне жымысқы саясат пен астыртын соғыс бастағаны белгілі. Нәубет науқан тілімізді егінше отады. Мұрнынан тізілген мұралардың ішінде қазақтың таным-түсінігіне, әдет-ғұрпына, таным-түсінігіне қатысты, жекелей айтқанда мезгілдерге байланысты, ай атауларына қатысты қаншама сөздері жадымыздан жоғалды. Көне мағыналары көп жайттарға жетелейтін небір сөздер күресінге сүйрелді.
06 Қараша, 2020
Сіздің әлдебір отырыстарда немесе кезекті жиындардың бірінде қайсыбір замандасыңыз туралы немесе қоғамдағы өте өзекті мәселе төңірегінде елеусіз ғана айта салған ойыңызбен ол адамның өмірін немесе күн тәртібінде күйіп тұрған сол мәселені түбегейлі өзгертіп жіберуіңіз ғажап емес. Әрине, мәселенің мәнісі оң шешімін тауып, әлгі бейбақтың ғұмыры жақсы жағына өрістеп кетсе, нұр үстіне нұр ғой.
02 Қараша, 2020
Бізде осы күні не жымиғаны, не жылағаны белгісіз бір бет-бейнелер пайда болған. Былайша айтқанда эмоциясы екі бетінен ешқашан білінбейтін типтерді жиі кездестіреміз. Бірте-бірте күлмейтін кісілер көбейіп келе жатқандай. Жалпы, жалпылдап күле беру жақсы әдет емес. Қазақ оны «Әйелдің қары, еркектің қоры күлегеш» деп кесіп айтып қойыпты. Дегенмен, біздің бұл күлкіміз басқа күлкі. Тіпті, күлкі деуге келе ме? Күлкі дегеннен гөрі қоғамдағы, өнердегі, әдебиеттегі, мәдениеттегі көңіл күй дегенге көп келіңкірейтін сияқты.
13 Қазан, 2020
Біз кейде көп нәрсенің байыбына бармай жатып шорт кесіп, шолақ ойлап, шоқ басып жатамыз. Көзің жетіп тұрған дүниенің өзіне қайта бір айналып келіп қараудың, араға уақыт салып айтар ойыңның астарына тағы бір мәрте үңіліп көрудің ешқашан артықтығы болған емес. Шындық үшін шайқаста, ақиқат үшін арпалыста ойың ұшқары, сөзің ұшқалақ болмауы үшін де байсалды байлам айтатын бай мінез және қажет. Мұны ұлт серкесі Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп бір ауыз сөзбен тамаша түйіндеген.
21 Тамыз, 2020
Бұл Ұлы дала төсінде төрткүл дүниеге сауын айтып, Алты сан Алаштан алақайлап сүйінші сұрайтын, ұлтымыздың дара келбеті, ұлы ойшылы, хакім Абай рухын асқақтата көрсететін қайырлы күн!
10 Тамыз, 2020
Бірде қазақ радиосын қосып қалып едік, сатира сардары Көпен аға күлдіріп әңгімесін аяқтап жатыр: «Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім». Дәл айтылған диагноз деп қалдық. Көпекең бұл жерде жалпы адамзаттық күлкі турасында емес, қазақ әзілінің қазіргі әдебі тұрғысында ой түйіндегеніне еш күмәніміз жоқ. Сатирик сөзінен аңдағанымыздай, жымиып қана күлетін қазақ жүзіндегі әдемі күлкі бүгінде бос ыржыңға айналған.
06 Тамыз, 2020
Қазақтың түйіп айтқан әр сөзінің түбінде қатпар-қатпар қазына жатады. Ұлы даланың төсінде емін-еркін көшіп-қонып, мыңдаған жылдар бойы мағыналы ғұмыр кешкен қазақ баласы өзінің жүріп өткен өмір жолын тобықтай ғана сөзбен түйіндеп отырған. Сондай салмақты сөздердің бірі нағашы турасында айтылған. Нақты нақылдан небір ұлағатты ой қорытуға болады.
25 Мамыр, 2020
Қазақтың қайта өрлеуіне баланып жүрген Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлт болашағының ұстынын айқындап бергендей болды. Аз ғана уақытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Жақсы істер жалғасуда.
14 Сәуір, 2020
Рас-өтірігін бір Құдайдың өзі біледі, ғалымдардың зерттеуінше адам күніне қолын бетіне бірнеше мың рет апарады екен. Әрине адамзатты алаңдатып отырған ауыр ахуал кезінде мұндай ақпараттардың түр-түрін сіз де оқып-біліп отырған боларсыз. Біздің айтпағымыз, сол мұрныңыз бен көзіңізге қайта-қайта қатынасып жатқан қолдың тазалығы жайлы болғалы отыр.
08 Сәуір, 2020
Ғылымның басты құрал екенін Әлихан Бөкейхан өзінің «Білім күші» атты мақаласында кеңінен айтады.
23 Наурыз, 2020
Заман дамып, небір технологиялар алға озған уақытта осындай ірі-ірі сауда ошақтары қашықтықтан ашылатын қақпалар орнатуын қарапайым халық талап етуіміз керек деп ойлаймыз. Бұл біріншіден тазалықты күшейтсе, екіншіден екі қолына зілдей дорба іліп жөңкіліп жатқан жұртқа көп көмек болар еді.
22 Наурыз, 2020