Руханият • 21 Қыркүйек, 2023
Жазушының қаншама жылдар бойғы тәтті азабын тартқан еселі еңбегі бір күндері ақталып, көл-көсір құрмет пен ыстық ықыласқа, толассыз атақ-даңқ пен оқырманның риясыз махаббатына ұласып жатады. Бұл әдебиетте әділет бар екенін білдіреді. Бұл да жазушының бақыты, жазушының сәттілігі. Биыл сондай әдебиеттің әділетін көрген, қаламының бағы жанған, соны стилімен, соны кейіпкерімен жазуға бұзып-жарып кірген көрнекті қаламгер, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази тоқсанның төріне шығып отыр. Мерейтойға орай ел астанасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «Әкім Тарази әлемі: әдебиет, театр, кино және педагогика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Екі күнге жалғасқан конференция аясында жазушы талантының әр қыры әр тараптан талданып, түрлі іс-шаралармен толықты.
Экология • 21 Қыркүйек, 2023
Табиғаттың құбылмалы өзгерісі ойлантады
Тіршілік нәрінің жетіспеушілігі мен құрғақшылық салдарынан еліміздегі астық өнімділігі бірден 37 пайызға кеміген. Эколог мамандар су үнемдеу мен оны пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін өңірлерде жеке бағдарламалар қабылдануы керек деп есептейді.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2023
Радикалды діни ұйымдарға тарту әдістері
Қазіргі Қазақстанда адамдардың таным көкжиегінің дамуына, қоғамдағы әлеуметтік өсуіне діннің ықпалы зор. Діннің қоғамдық қарым-қатынастарға ықпал ету ауқымы артып келеді. Халық арасында жас ерекшелігіне қарамай діни көзқарасты жеке басының рухани даму құралы ретінде ұстанушылар көбейіп келеді. Осындай көзқарастағы жандар үшін деструктивті ұйымдардың іс-әрекеттеріне байланысты белгілі бір қауіптер бар. Олар діннің атын жамылып, алдау арқылы ізбасарларының шеңберін кеңейтіп, радикалды діни идеологияны насихаттап жүр. Дінтанушы, діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Дихамбаев Нұрсұлтан еліміздің азаматтарына қауіп төндіруі мүмкін деструктивті діни ағымдар қатарына тартудың әдістері туралы айтып берді.
Балалар • 21 Қыркүйек, 2023
Мектептегі орта білім берудің маңыздылығы жоғары. Сондай-ақ көптеген отбасылар үшін балаларға рухани тәрбие беріп, оларды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғаудың да маңызы төмен емес. Рухани тәрбие - әр адамды тәрбиелеу процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Олардың лайықты азамат болып өсуі үшін нені ескеруіміз керек? Егер балаңыз дінге қызығушылық танытқан жағдайда ата-ана тарапынан қандай кеңестер айтылған жөн? Талқылап көрелік.
Инвестиция • 21 Қыркүйек, 2023
«Wabtec» елімізге 1 млрд доллар инвестиция салады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Wabtec» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесуінде Қазақстанның теміржол саласын реконструкциялау мәселесі сөз болды. Әлемнің 50 елінде жұмыс істейтін, құрамында 27 мыңнан аса қызметкері бар, Fortune 500 тізіміне кіретін және транспорт пен логистика саласындағы жаһандық көшбасшы саналатын «Wabtec» компаниясы Қазақстанға инвестиция салуға ниетті.