Аймақтар • 25 Сәуір, 2019
Рейтинг жоғары болса, көрермен қалауы
Кеше елордада «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бірқатар азаматтың өтініш-тілектерін тыңдады.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2019
Мемлекеттік Орталық музейде академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрме ашылды.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2019
Жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған «Бала дауысы» ұлттық балалар байқауының төртінші маусымының іріктеу кезеңі Қызылжар өңірінде өтті.
Руханият • 25 Сәуір, 2019
Қостанайлықтарға әдемі әсер қалдырған көрмесін суретші-мүсінші Александр Воткал «Әсерлі сәттер мен жылдар» атапты. Оның мамандығы инженер. Алайда бойға біткен өнер бәрібір өзінің жолына салады екен. Әулиекөлдегі Аманқарағай кентінде туып, қалың қарағай орманын кезіп өскен бала ағаштан мүсін жасауға әуес болды. Рудный индустриялық институтын жақсы бітіргенімен, ол өнерді тастай алмады. Александр Николаевичтің бағына қарай, ол белгілі мүсінші Леонид Белоусовтан тәлім алды. Леонид Прокопьевичпен өткізген он жылда ол өзін шығармашылыққа толық бағыштады. Арнайы білімі болмаса да, мүсін мен сурет өнерінің қыр-сырын ұстазынан үйренді, терең бойлады.
Экология • 25 Сәуір, 2019
Экологияны қорғауды Еуропадан үйрену керек
Таяуда Еуроодақ экологтары әлем халқының 90 пайызы ауа сапасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сай келмейтін жерлерде тұратынын мәлімдеді. Бұл аз болса, жыл сайын 4 миллионнан астам адам лас ауамен демалғанның кесірінен көз жұмады. Ауа неден ластанады? Өнеркәсіп орындарының мұржаларынан будақтаған түтінмен шығатын улы қалдықтың белгіленген межеден тыс көптігі, көлік санының артып бара жатқаны, жеке сектордың отынды шамадан тыс жағуы, әлем бойынша қоқыстың, қалдықтың дұрыс игерілмеуі сияқты толып жатқан себептері бар. Бұл Орталық Азия елдерінде де өте өзекті. Мәселен, Қазақстан қалаларында көмірқышқыл газының орташа концентрациясы нормадан көп, елорданың өзінде шаң-тозаңның шоғырлануы шекті нормадан 2,7 есе, ал азот диоксидінің деңгейі 2,3 есе артық екен.