• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2016

Мессидің машығы

302 рет
көрсетілді

шығыс өңіріндегі футбол академиясында оқытылуда 2015 жылдың қыркүйек айында облыс әкімдігі мен испаниялық «Soxna» компаниясы арасындағы келісімге сәйкес Өскеменде футбол академиясы құрылатын болады. Қазіргі кезде испан әдісте­ме­сімен оқыту жүйесіне негіз­делген футбол академиясында облыстың әр түкпірінен жиналған 100 бала білім алуда. Дарынды балалардың еуропалық футбол сабағына ден қойғанына жарты жылдан асты. Жалпы, «Soxna» компаниясы әлемнің ондаған елдерінде испаниялық білікті мамандарды тарту арқылы футбол академиясын құру мен дамытуға мамандандырылған. Компанияның бүгінге дейін Италия, Қытай, Мексика және тағы басқа мемлекеттерде құрған академиялары жемісті жұмыс істей бастады. – Алғаш рет қолға алын­ғандықтан, бұл өңіріміз үшін өте маңызды жоба. Бізде спорт­шылардың жаттығуы мен білім алуына барлық жағдай жасалған, – деген-ді аталған академияны құру барысында өңір басшысы Д.Ахметов. Академияға 2000, 2001, 2002 және 2003 жылдар аралығында туған төрт жас ерекшелігі бойынша 700 баладан үздік шыққан 100 бала іріктеліп алынған болатын. Барлық футболшылар спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатқа қабылданды. Бүгінде жас спортшылар төрт испандық маманның жетекшілігімен жаттығады. Оларға академияның бас бапкері, әр жылдары «Спортинг», «Мала­га», «Гранада» клубтарында жұмыс істеген Исмаэль Диас Галан басшылық жасайды. Оқу үдерісіне сонымен бірге, қазақстандық мамандар да қа­тысуда. Олар өз кезегінде испан­дық әріптестерінің тәжірибесін үйреніп, оны әрі қарай өз жұмыстарына қолданбақ. – Балалар жаттығуға асқан ыждағаттылықпен келеді. Ойын табиғатын түсінетін жақсы ойыншылар бар. Біз мұнда Мессидің оқыған әдістемесін енгіздік. Әри­не, элитаға дейін жету өте күрделі үдеріс. Біз бұл жолда бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Оның үстіне, бұған барлық жағдай жасалған. Ака­демияның негізгі міндеті – «Алтай» клубының құрамын біздің шәкірттерімізбен толтыру, – деді Исмаэль Диас Галан. Келешекте жас ерекшелігіне арналған топтарды арттыру көз­деліп отыр. Яғни, 10 жас­тан 16 жасқа дейінгі балалар тобы құрылса, кәсіби футболмен шұғылданатын ойыншыларды 200-ге жеткізуге болады. Сондай-ақ, жаттығу жұмыстары қыста да тоқтамауы үшін жабық футбол манежі салынбақ. Биыл қара­ша айында футбол академиясына қабылдау мақсатында тағы да өңірдегі талантты балалар арасында іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы