• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Бұл соғыстың зардабы Ливиямен шектелмейді

395 рет
көрсетілді

АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия бастаған батыс­тық коалицияның Ливия аумағына авиация мен зымыраннан соққы бере бастағанына да бір аптаға жуық уақыт өтті. Алдымен Ли­­­вия­ның көсемі Муам­мар Кад­да­фидің өз хал­қына қарсы күш қол­дан­ғанын, одан адам­дардың құр­­бан болғанын ай­ыптап, қалай да оны тоқ­та­туды жұрт­­тың көпшілігі қолдады. Тіпті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливия­ның үстінен ұшақ ұшырмау жө­нін­дегі қарары да соған бағыт­талған еді. Бірақ Каддафидің оп­позицияға қарсы әрекеттерін тоқ­татудың бірден бір дұрыс жолы бұл елге шабуыл жасау еместігін де жұрт бірден аңғарды. Сөйтіп, міне, коалицияның Ливияға қар­сы ша­буылы әлем жұрт­шы­лығы ара­­сында әртүрлі бағаланып жатыр. Қазір коалиция, ондағы жетекші тұлға АҚШ өз әрекеттерін ақ­тауға мәжбүр. Олар халық­ара­лық қауымдастықтың шешімін орын­да­дық дейді. «Одиссея. Таң­­сәрі» деп аталатын опера­цияны сенбі кү­ні бастап, Франция авиациясы Ливия нысан­дарын бомбаласа, АҚШ пен Ұлы­бри­тания кемелерінен әр­қай­сысы бір миллион доллар тұратын 110 «Томагавк» зы­мырандары ұшы­рылды. Ливия­ның қанша тех­никасы қирағанын кім біледі, сол алғашқы шабуыл­дан 64 адам қаза тауып, 150 адам­ның жараланғаны анықта­лып отыр. Жалпы БҰҰ қауіпсіздік кеңе­сінің Ливияға қатысты қа­рарының өзі айтарлықтай даумен қабыл­данды. Оған 10 ел ғана дауыс берді. Қытай, Ресей, Германия, Үн­дістан және Бразилия қалыс қал­ған. Ал Ресей мен Қытайдың біреуі қарсы бол­ғанда, бұл қарар қа­былданбас еді. Бірақ бұл елдер өзі­нің вето құқын пайдаланбады. Әңгіме сол қарарды жүзеге қалай асы­руда болып отыр. Көп са­рап­шы­лар, көп елдің бас­шы­ла­ры Ли­вияны бом­ба­лаудың не­гізсіз бол­ға­нын атап көр­­сетті. Осы жерде РФ премьер-министрі Владимир Пу­тиннің пікірі әлем жұрт­­­­­­шылы­ғының наза­рын ау­­дарды. Тіпті оның артық­тау кет­­кеніне президент Мед­ведев­тің өзі түсінік­те­ме беруге мәж­бүр болды. Ал­дымен Путин БҰҰ қарарын ор­тағасырлық крест жо­рығына шақырумен те­ңес­тірді. Онан соң бомбалауға байланысты: «Бейбіт тұрғын­дар­ды қорғау желеуімен Ливия аумағын бом­ба­лағанда, сол бейбіт халықтың өзі құрбан болды, қисын қайда, ар-ұят қайда? – ешқайсысы да жоқ», деген оның сөзі сірә жұрт­тың есінде қа­латын шығар. Бірден бомбалауға көшпей, қалай да Каддафиді райынан қай­тарудың басқа жолын іздестіру қа­жет еді деген пікірді көп адам айтады. Ондай жол бар ма еді? Пайдаланбаған жайды бар еді деп айту да қиын. Сірә, енді болған істі кейін қайтара алмайсың. Коалиция күш­­тері Ливияның әскери ны­сандарына аяусыз соққа берді. Бұдан бейбіт халық та құрбан болып жатыр. Алдағы уақытта да бұл соғыс жалғаса түсетіні анық. Коалицияның күшіне күш қосылып жатыр. Енді алда бұл соғыстың «жемісін» теретін кезең келеді. Ол Ливиямен шектелмейді. Оның «өнегесі» басқа елдерді де шар­пиды. Батыс­тың оппо­зи­ция­ға көмек, қолдау көрсететінін іс жүзінде айқын сезінген басқа елдердегі билікке қарсылар, олар­дың ішінде әрқилы экс­тремистер де бар, батыл әрекет­терге көше бастады. Оған Йемендегі, Си­риядағы соңғы оқи­ғалар куә. Әлем қанқұйлы қақты­ғыс­тар­дың қарсаңында тұрғандай. Мамадияр ЖАҚЫП.