• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2019

Ақкиізтоғайда керемет кітапхана бар

312 рет
көрсетілді

Қазір «кітаптан алшақтап кеттік, көркем әдебиет оқылмайды» деген пікір жиі айтылады. Бірақ Атырау облысы Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай ауылының тұрғындары бұл сөзбен келіспейді. Олар үшін кітаптан құнды қазына жоқ. Теледидар да, интернет те, тіпті ешқандай өркениет те қағаз кітаптың орнын баса алмайды, дейді. Сондықтан да болар, алақандай ауылдың үлкен-кішісі руханияттың құтханасына айналған кітапханаға жиі бас сұғады.

Мәдениет және спорт ми­нис­тр­лі­гі ұйым­дастырған «Ру­ха­ни қа­зына-2019» фести­ва­лінде Ақ­­киізтоғай ауылдық кітап­­­ханасының жұмысы «Үз­дік ауылдық кітапхана» аталы­мы бойынша жеңімпаз болып танылғанда, таңырқай қойға­ны­мыз жоқ. Солай болуы тиіс те еді.

Ұлт­тық мә­дениетті насихат­т­ап, ай­мақтық мәдениет ұйымдарының имиджін нығайтуға бағыт­­талған үздік тәжірибелерді көр­­сету мақсатында өткен фес­тивальге аталған кітапхананың мең­герушісі Сандуғаш Қалиева қатысты. Соңғы екі жылда ат­қар­ған жұмыстарын жіпке тіз­ген­дей қылып баяндап берген кітапханашының сөзі көпшілікті тәнті етті. Осы байқауда ол 1 млн теңге көлеміндегі бәйгені алып қана қоймай, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ака­де­мия­лық кітапханада бір айға тәжірибе алмасу бағытында жұ­мыс істеу мүмкіндігіне ие бол­ды. Қарапайым ғана ауыл кітапханашысы үшін бұдан зор бақыт болар ма? Елордадан олжалы оралған әріптестерін Құлсары теміржол вокзалынан шашу шашып қарсы алған кітапханашылар да осы мерейлі сәтті бөлісуге асыққан.

– Өткен жылы Ақкиізтоғай ауылдық кітапханасының ма­те­­риалдық-техникалық базасы жаңартылып, коворкинг орта­­лығы ашылды. Жергілікті әкім­ші­ліктің жаңа ғимаратында орна­ласқан кітапхана жайлы орын­ға айналды. Қашан бар­са­ңыз да ауылдың үлкен-кішісі Сан­ду­ғаштың жанында жүргенін көре­сіз. Балабақшамен, мектеппен бірлесіп, коворкинг орта­­­лығында да түрлі шаралар ұйым­дастырып жатады, – дейді Жылы­ой аудандық орталық кітап­ха­насының басшысы Балзия Кенжебекова. Кітапханаға келіп, мерзімді басылымдармен, жаңа әдебиеттермен үнемі танысып отыратын ауыл тұрғындары коворкинг орталығында уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік алды. Жергілікті халық бір анықтама үшін бұрынғыдай аудан орта­лығына барып шаршамайды, осы орталыққа келіп, шаруаларын реттей алады. Қашан да қайнаған тірліктің ортасында, біріне анықтама алуға жәрдемдесіп, біріне қажет әдебиеттерін тауып беріп, біріне жаңа кітап туралы баян­дап кітапханашы Сандуғаштың жүргенін көресіз. Біз көбіне үлкен істер туралы ғана айтып, осындай қарапайым еңбек адамдарын қаперімізден тыс қалдырып жатамыз. Еңбектің үлкен-кішісі жоқ. Бастысы, жаның қалаған, өзің жетік меңгерген мамандықтың нағыз шебері болу. Ақкиізтоғай ауылында осындай кітапханашы тұрады.

 

АТЫРАУ