• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Желтоқсан, 2019

Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өтті

272 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өтті. ҚР ИИДМ және «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен өткен жиын мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіруді көздейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, сондай-ақ дизайнерлер мен ғылыми орта өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі және отандық сән брендтері «Utari», «Samidel», «I' m different», «Saukele», «Gulnara Kassym», «ZekenModa», «Інкар Сезім» этностудиясы мен Қазақ технология және бизнес университеті түлектерінің қатысуымен «Жасампаздық энергиясы» сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта жеңіл өнеркәсіп саласында 1057 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 13-і ірі, 25-і орта және қалғандары - шағын кәсіпорындар, яғни шағын бизнес 96% құрайды. Жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпорындарында шамамен 13 мың адам еңбек етеді.

2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жеңіл өнеркәсіпте жалпы сомасы 19,6 млрд теңгені құрайтын 20-дан астам маңызды жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 1,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Көрсетілген кезеңде өнім шығару көлемі 57% - ға өсті, негізгі капиталға инвестициялар 41% - ға өсті.

Шара барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 жыл ішінде жалпы инвестиция сомасы 40,3 млрд теңгені құрайтын 47 жаңа жоба іске қосылғандығын атап өтті.

Елімізде осы аралықта синтетикалық иірімжіп пен кілемдерді шығаратын «Бал текстиль» және «Назар Тесктиль» фабрикалары, мақта-мата иірім жіп пен аралас маталарды шығаратын «Азала Коттон» мен «Азала Тестайл», «Астана Ютария» киімдері, «АГФ Групп» тестиль өнімдері, «Әлем БТ» шұлық бұйымдары, аяқ киім және басқа да өнімдерді шығару бойынша жобалар іске асырылды.

Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктермен несиелеу тетігі аясында 6,0 млрд теңге сомасына 26 жеңіл өнеркәсіп жобасы мақұлданды.

Бұдан басқа, үкімет 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі Жол картасын бекітті, ол кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу, қазақстандық қамту үлесін арттыру, экономикалық ынталандыру шаралары, сондай-ақ жүйелі қолдау бойынша 52 іс-шараны көздейді.