Президент Қ.Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде 10 желтоқсан күні жарық көрген «Темір жолды жағалап топ бала жүр» мақаласында көтерілген мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды. Мақалада Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінің жаңа ауданында тұратын 360 оқушы сабаққа келу үшін күнде 13 рельсті кесіп өтетіні айтылған еді.
«Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Темір жолды жағалап топ бала жүр» атты мақаладан Сексеуіл кентінде 360 бала күнделікті мектепке бару үшін 13 рельсті кесіп өтетінін оқыдым. Бұл – өте өзекті мәселе. Оны шешу үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауы қажет» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.