• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Президент 07 Желтоқсан, 2016

Елбасы халықаралық мұнай-газ компания басшыларымен кездесті

6336 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«ExxonMobil» компаниясының президенті Д.Вудс, «Total E&P» компаниясының президенті А.Брейяк, «Royal Dutch Shell» компаниясының бас атқарушы директоры Б.ван Берден және  «Eni» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі бас директоры А.Велла қатысқан кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы барлық мәселелерді, соның ішінде экологиялық түйткілдерді шешу үшін бірлесе күш жұмсаудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Үкіметі мен Шетелдік инвесторлар кеңесі ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге қатысты барлық мәселені қарастыруға дайын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«ExxonMobil», «Total E&P», «Royal Dutch Shell» және «Eni» компанияларының басшылары республикамызда қолайлы инвестициялық жағдай жасалғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Тәуелсіздігіміздің мерейтойымен құттықтады. Соңында Мемлекет басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асырушыларға  табыс тілеп, өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.