• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2016

Президент композитор Ілия Жақановты 80 жасқа толуымен құттықтады

408 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті композитор, жазушы, зерттеуші Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан Президенті қазақ өнері мен әдебиетінің дамуына Ілия Жақановтың үлкен үлес қосқанын атап өтті. «Ел арасына кең тараған «Әселім-әнім», «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық» және басқа танымал әндеріңіз арқылы бірнеше буынның құрметіне бөлендіңіз. Қаламыңыздан туған әдеби туындылар өнердегі қайталанбас тұлғалардың бейнесін сомдап, оларды жас ұрпаққа үлгі етуімен ерекшеленеді. Сіздің айрықша жетістіктеріңіз жоғары марапаттармен атап өтілді», – делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы Ілия Жақановқа шығармашылық табыс және зор денсаулық, отбасына бақ-береке тіледі. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.