Әлеуметтік жеңілдіктердің барлығынан шеттетілген журналистер жұртшылықтың көз алдында жүрміз ғой деп өздерін-өздері жұбатқанымен, асып-тасып бара жатқан жағдайы жоқ. Айлығы шайлығына жетпейді. Пәтер ақысын төлеуі керек. Жылуға, суға, жарыққа төлейтіні тағы бар, діңкелеп-ақ қалады. Бүгінде екі-үш жиналысқа барып келген тілшіңіз кәдімгідей қиналады. Қоғамдық көліктердің жолақысы қымбаттағалы журналистер қалталарын қағып, тиын санап қалды. Тіпті, қызмет орнына велосипед мініп келетіндер де бар. Сөз жоқ, «денсаулыққа пайдалы» деп қаншалықты мақтағанымызбен, қасиетті қалам ұстағандарға қиын-ақ. Өйткені, барған жерінде велотұрақ жоқ. Жиналыстан шыққанда сол маңның тентектері велосипедіңді үптеп үлгереді. Жаяу журналист жыларман халге түседі.
Газетте қызмет істейтіндердің жыл сайын қайта оралып келетін екі науқаны бар. Ол – баспасөзге жазылу. Қымбатшылық келгелі оқырман баспасөзге екі рет, жылдың бірінші және екінші жартыжылдығына жазылады. Демек, оқырмандар алдына екі рет барамыз. Баруын барамыз-ау, бетіміз алаулап қайтады. «Газеттеріңізде неге сын жоқ? Неге проблемалық мәселелер көтермейсіздер?» деп сан сауалдың астына алады. Не деп жауап береміз? Құрылтайшылардың құлақтарына алтын сырға, осындай сансыз сауалдан құтылатын күн қашан туады?
Сырт қарағанда, журналистерді жарылқап жатқандай көрінеді. Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында азын-аулақ сый-сияпат көрсетіп, қолымызға қағаз (Алғыс хат немесе мақтау қағазы) ұстатып, марқайтып қояды. Содан кейін журналистер ұмытылады. Олар тек жиналыстарды әспеттеп жазу үшін ғана ізделінеді.
Елімізде теміржолшыларға, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, дәрігерлерге, мұғалімдерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. «Төртінші билік» иелері мұндайда тағы шеттеп қалады. Біз оқу жылында озат мұғалімдерге пәтер берілгенін талай рет көрдік. Олар болашақ Отан құрылысшыларын тәрбиелеп жатыр. Мұндай құрметке әбден лайық. Сонда қоғамның қозғаушы күші саналатын журналистер неге мемлекет тарапынан қолдауға ие болмайды? Осыны билік басындағылар ойланса.
Шетелдерде журналистермен санасатындар көп әрі олар қомақты еңбекақы алады. Олардың талай тәжірибесін елімізге енгізіп жатырмыз. Осы орайда журналистерге жағдай жасау, мәртебесін көтеру, материалдық жағынан көтермелеу сияқты игілікті істер неге қалып қояды? Зайырлы мемлекетпіз дейміз. Демократиялы елміз дейміз. Сол демократияны дамытатын баспасөзге неге көмек көрсетілмейді?
Бүгінде әлеуметтік желілердегі бассыздықтар жүйкеге тиіп бітті. Интернетті қосып қалсаңыз, әркім ойына келгенін жазып жатыр. Бұл қоғамға жақсылық әпермейді. Сондықтан, қоғам бұл жүйеден әлі-ақ жерініп, бас тартады. Жаңалыққұмар жұртшылық газетке қайта оралады. Сонда олар газеттерден өздеріне керектісін тауып алуы тиіс. Ендеше, газет-журналдардан қол үзуге әлі ерте. «Төртінші биліктің» төрге шығарына деген сенімді сөндіргіміз келмейді.
Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
журналист
ШЫМКЕНТ

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:06
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15