Ұлы Отан соғысының ардагері 97 жастағы алматылық Ғаббас Жұматов «1941. Брест қамалы. Қазақстан» кітабының тұсауын кесті
Жыл мезгіліндегі күннің ең ұзаратын мерзімі 22 маусым – тарихта 1941 жылғы неміс фашистерінің Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс ашып, сұрапыл жойқын шабуылды бастаған күні болып саналады. Кеше Алматыдағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ғимаратында ерекше кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Оның кейіпкері – Брест қамалын қорғаған қазақ жауынгері Ғаббас Жұматов ақсақал.
– Өмір солай, қарақтарым, – деп сөз бастады майдангер. – Бресті қорғаған жауынгерлердің дені қазақстандықтар болғанын тарихтан білетін шығарсыздар. Мен, сіздердің алдарыңызда тұрған сол қамалдың ең соңғы көзі тірі қорғаушысымын. Өздері болашақ өмірін қиған өндірдей жас жауынгерлердің – жеңімпаз солдаттардың артында қалған жалғыз өкілімін. Тағдырым қантөгісті оқиғаның аяусыз қасіретін келесі ұрпаққа өз аузымен жеткізсін деген шығар... Кітап авторына ризамын.
Ресей, Польша, Германия, Белоруссия және Қазақстан архивтерінің дерек-жиынтығында Брест қамалын қорғауға 556 жауынгермен бірге Брест бағытындағы майданда қосымша 200-ден астам қазақстандықтың шайқасқаны туралы да дерек бар. Қамалдың соңғы қаһарманы Ғаббас аға осынау тарихи мәліметтерді меңзегені болар. Өзі талай-талай қазақстандық жауынгерлердің аты-жөндерін ұмытпапты. Солардың арасында етене араласқан майдандас достары алматылықтар – Әбдіразақ Мәмиев пен Владимир Фурцевтің есімдерін ерекше еске алды.
Кітап авторы, белгілі ғалым Ләйла Ахметова төл шығармасы туралы былай деді:
– «1941. Брест қамалы. Қазақстан» деп аталатын бұл тарихи-жылнамалық кітапқа мен өмірімнің 45 жылын арнадым. Ол кезде «Дружная ребята» атты пионер газетінің жап-жас тілшісі едім. Соңғы 7 жыл бойы тек қана әлемдік архивтерді ақтардым. Бүгін қолдарыңызға тиіп отырған бірінші том. Алдағы уақытта дәл осындай екі том баспаға әзірлену үстінде. Кітаптың шығуына қамқорлық жасаған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорына алғысым шексіз. Тарихи шығарманың осындай кең ауқымға ие болуына біздің батыр ағамыз Ғаббас Жұматұлының бірден-бір себепкер болғанын әрқашан да мақтаныш сезіммен айтамын...
Тарихи бірінші том парақтарын аударыстырып тұрған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Мақтағали Бектемісовті әңгімеге тартқан едік:
– Менің әкем Әбдімәжит ұзақ жылдар бойы соғыстың алғашқы күнінен хабар-ошарсыз кеткен бауыры Әбдірахманды сарыла іздеген еді. Ол үмітімізді Ләйла Сейсембекқызы Ахметова жақты. 333-ші атқыштар полкінің құрамында Брест қамалын қорғауда ағамыз ерлікпен қаза тауыпты. Мына кітапта оның қызыл әскер киіміндегі суреті, елге – Жаркентке, жазған соңғы хаттары бар. Бүкіл бір ұрпақ жоғалтқанымызды тауып отырмыз.
«Могиканның соңғы тұяғы» – Брест қамалының соңғы қаһарманы Ғаббас аға Жұматовтың қолтаңбасы кітап авторы Ләйла Ахметовамен тең қойылып, тәбәрікке баланды.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше