Алматыда Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.
Алқалы жиында 2016 жылғы Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына ұсынылған жұмыстар, олардың тіркелуі, қаралуы және алғашқы сараптамадан өтуі туралы мәселелер қаралды.
Комиссияның отырысын аша отырып, Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында ұлттық мәдени кодты сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілгендігіне тоқталды. Тілді, руханиятты, дәстүрді және ұлттық құндылықтарды дамыту қоғам мен мемлекеттің алдында тұрған басым міндеттердің бірі және ондай маңызды міндеттерді шешуде әдебиет пен өнер қайраткерлеріне ерекше сенім артылатынын, тарихи миссия жүктелетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы еліміздің мәдени мұрасын байытуға, ұлттық құндылықтарын ұлықтауға үлес қосқан авторларды бағалап, оларға қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстың маңыздылығына және комиссия мүшелерінің бұл орайдағы айрықша жауапкершілігіне арнайы тоқталды. Сонымен қатар, Гүлшара Наушақызы Мемлекет басшысының Жарлығымен комиссия құрамына енгізілген өзгерістер ретін таныстыра отырып, Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның әдебиет секциясы мүшелерінің құрамына Парламент Сенатының депутаты, публицист-жазушы Жабал Ерғалиев пен музыка, театр және кино секциясы мүшелерінің құрамына белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербектің мүше болып енгізілгендігін мәлім етті.
– Тәуелсіздік жылдарында мемлекет тарапынан ұлттық өнердің ұлықталуына, төл мәдениеттің төрге озуына, қазақ әдебиетінің тынысын кеңейтуге жан-жақты қолдау көрсетілуде. 1992 жыл мен 2014 жыл аралығында 89 мәдениет және өнер қайраткері Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 2008 жылдан бері Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Елбасы Жарлығымен бекітіліп, осы уақыт аралығында 22 өнер қайраткері лауреат атанды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталып, ұлттық өнер мен мәдениеттің жаңаша өрістеуіне серпін беруде. Сондықтан, берілетін сыйлық елдің рухани-мәдени өмірінде мойындалған, өз саласында озық әрі үздік көркем шығарма болуы тиіс деп ойлаймын. Ол шығармаларда отаншыл, мемлекетшіл, елшіл идея терең көрініп тұруы тиіс, – деді Мемлекеттік хатшы.
Еңбектерді талқылау және жасырын дауыс беру үдерісі әдебиет, музыка, театр және кино, сондай-ақ, бейнелеу және сәулет өнері деп бөлінген 3 секция мүшелерінің дауысқа салуына сай қаралды. Секцияларда жалғасқан талқылаулардың, жасырын дауыс берулердің, одан кейінгі жалпы отырыстың қорытындысы бойынша байқаудың келесі кезеңіне жіберілетін шығармалар туралы шешім қабылданды. Хаттамалық шешім бойынша іріктеуден өтіп, Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстар тізімі қоғамда, әдебиет пен өнер жанашырларының ортасында, сондай-ақ, қалың жұртшылық арасында кеңінен талқылану үшін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
• 25 Маусым, 2016
Көркем шығармаларда елдік мұрат көрініс табуы керек

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53