Қазақ халқының бірнеше мыңдаған жылдарда біртіндеп қалыптасып, даму үрдістерінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен сөз өнерін, дәлірек айтқанда, фольклорлық мұраларын қамтыған «Бабалар сөзі» 100 томдық сериясының жарыққа шығып, оның 2014 жылы Германия Федеративтік Республикасының Майндағы Франкфурт кітап көрмесіне қойылуы дүниежүзі мәдениетіндегі ірі құбылыстардың бірі ретінде қабылданды. Әлем елдерінде араға ғасырлар салған ұзақ ізденістер мен зерттеулерден кейін фольклорлық шығармаларын 100 том етіп бастырған мемлекеттер бар шығар, бірақ бар-жоғы 9 жылда көлемі 2600 баспа табақты құрайтын жинақтар топтамасын жүйелі әрі сапалы деңгейде жариялаған жағдай болмағаны анық. Соңғы жылдардағы отандық, алыс-жақын шетел оқымыстыларының пікірлеріне қарағанда, «Бабалар сөзі» көптомдығы, ең алдымен, қазақтың рухани қазынасы болып саналғанымен, кең мағынасында Еуразия аумағында тамырлас жатқан бүкіл түркі халықтарының ортақ мұрасы болып та табылады, сондай-ақ, барша мұсылман қауымының, оның аясынан шығып жалпыадамзаттық құндылықтардың алдыңғы қатарынан орын алады. Себебі, осы жинақтарға енген кейбір эпостық жырлардың, халық прозасының, ғұрыптық фольклордың, шағын жанрлардың, т.б. түркі халықтарының фольклорында ұлттық нұсқалары мен версиялары кездеседі. Бұл – түркі жұртының түбі бір екендігін айғақтайды. Шығыс сюжетімен назиралық үлгіде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде дүниеге келген дастандардың, әсіресе, олардың хикаялық, діни жанрлардағы түрлерінің ерекше белең алуы – тарихымыздың мәдени соқпақтары Шығыс елдерімен тығыз байланыста екендігін аңғартады. Ал Қазақстандағы Ұлы Жібек жолының ізі – қазақ мәдениетінің бүкіл әлем елдерімен тығыз байланыста дамығандығын дәлелдейді. Фольклорлық мұралар – ұлттық тілдің, сөз өнерінің, тарихтың, этнографияның, философияның, этнопедагогиканың іргетасы, алтын діңгегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан «Мәңгілік Ел» идеясының қайнар көзі. Соның бір айғағы ретінде «Бабалар сөзі» сериясының 2013 жылы аяқталып, толық айналымға енгеннен бергі кезеңде қоғамдық ғылымдардың аталған салалары бойынша зерттеу еңбектер жазылып, жоғары оқу орындарында арнайы дәрістер жүргізіліп келеді. Солардың бір тармағын А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қарастырып, Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университеттің профессоры Ж.Жақыповтың «Қазақ лингвофольклористикасы («Бабалар сөзі» 100 томдық сериясының эпостар топтамасы бойынша») атты гранттық жобасының жалғасы ретінде институттың жетекші ғылыми қызметкері Г. Мамырбекова «Бабалар сөзі» топтамасы мәтіндерінің негізінде «Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі» (2014) атты еңбек жазды. Ғалымдар осы үрдісті жалғастырып, топтамада кездесетін көнерген сөздер бойынша жаңа жобаларды қолға алуды көздейді. Түйіндеп айтқанда, «Бабалар сөзі» 100 томдық сериясы бүгінгі жас ұрпақтың алдағы ондаған жылдарда ұлтымыздың өткен тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін, халық әдебиетін кең ауқымда оқып-тануына, құрмет көрсетуіне, отансүйгіштік рухта тәрбиеленуіне мол мүмкіндіктер беріп, мемлекетімізде ұлттық идеяның толық қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сондықтан, 2016 жылғы Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алдын ала іріктеуінен өткен «Бабалар сөзі» 100 томдық сериясы» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай осы үлкен марапатқа әбден лайық еңбек деп есептеймін. Рабиға СЫЗДЫҚОВА, ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алматы
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13