14 Шілде, 2016

Жертөледегі жылыжай

389 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
dsc00845_23880726009_o немесе ұлттық ұғымдағы жеңсік ас Соңғы екі-үш жылда әлем жұртшылығы табиғи азық-түлік өнімдерін тұтынуға ден қоя бастағаны айқын сезілуде. Осы жолда әлем ғалымдары тарапынан терең ізденіске түсіп, сан түрлі идеялар мен ұсыныстар айтылуда. Соның бірі – нидерландтық ізденушілер көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесінен өнім алу тәсілін ойлап тапса, АҚШ ғалымдары алақандай жерден аз күнде көкөніс түрлерін өсіру арқылы, оның пайдалылығын 40 пайызға дейін арттырудың жобасын таныстыруда. Әлемге әлі кең тарай қоймаған бұл жобалардың жүзеге асуы бүгінде Қазақстанда да қызу қолға алына бастағаны қуантады. Атап айтқанда, Астана іргесіндегі Аршалы ауданының Арнасай ауылының тұрғындары әлем халқы әлі де болса терең ұғына қоймаған жаңашылдықты игеруге ұмтылуда. Яғни, аскөк пен жуа, сарымсақ, сәбіз, шалқан, қияр, қызанақ сынды сан түрлі бақша өнімдерін үлкен қалалардағы көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесінде өсіру мен шағын қорапта жеті тәулік ішінде жетілдіріп, өнімді талғажау етудің қыр-сырын меңгеруде. Біз жуырда ғана «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің демеуімен жүзеге асып жатқан осындай игі істердің куәсі болдық. Осы мақсатта Арнасай ауы­лын­­да аумағы 1000 шаршы метрді құрайтын Кеңес заманынан бері қаңы­рап бос тұрған екі қабатты ғима­рат күрделі жөндеуден өткізі­ліп іске қосылды. «Бұл жерден біз осын­дай жылыжай өндірісі арқы­лы жыл он екі ай бойы өнім алу­дың сан түрлі тәсілі мен оның қыр-сы­рын үйрететін халықтық орта­лық аштық. Көздегеніміз – ел тұр­ғын­дарын үнемшілдік пен тиім­ді­лікке үйрету», – дейді «Жасыл» эконо­ми­ка­ны қол­дау мен G-Global-ды дамыту коа­ли­циясы» ЗТБ басқарма төр­айымы Сал­танат Темірқұлқызы. Ұйымдастырушылардың ай­туы­­на қарағанда, бұл орталық­та осы сала­да кәсіп ашып, нәпақа табам деу­­шілерге қолдау көрсетіледі. Со­ны­­мен қатар, заманауи озық тех­­но­­ло­гиялар мен ин­новациялар енгі­­зіл­­ген тың жобаларды жүзеге асыру да оқы­тылады. Атап айтқан­да, үл­кен қалалардағы қараусыз жат­қан жер­т­өлелерді аз шығынмен мол та­быс көзіне айналдыру әдісін кеңі­нен қолданысқа енгізуге бау­лиды. Яғни, көпқабатты тұр­ғын үй жер­тө­лесін желдетіп, жа­рық­­тан­ды­ру арқылы бау-бақ­ша өнім­дерін өсіру. Аталған ұйым Ни­дер­ланд елі­нен қажетті құрал­дарды алып келіп, бүгінде жарықдиодты шам­дар­­дағы қызыл-жасыл сәуленің көмегі­мен қараңғы жертөледен өнім өндіру­ге қатысты құрылғыларды іске қосқан. Күн көзі түспейтін қа­раң­ғыда қияр қалай өседі дейтін шы­ғар­сыз? Бұл өзі тұнып тұрған инно­ва­ция. Сон­дықтан да, байыппен тү­сін­дірейік. Жертөледе қияр өсіру үшін үш негізгі қажеттілік: жылу мен желд­ету жүйесі және 10 кВт инф­ра­­күлгін түсті жарық болса жет­­­кі­лікті. Осы үш негізгі қағида бұ­зыл­­маса, өзге қажеттіліктерді іс бары­­сын­да реттеп алуға болатын көрі­неді. Яғни, диаметрі 120 мм. плас­тикалық құбырлардың беткі қаба­тын төрт елі ендікте тіліп түсіп, тұқымды арнайы топыраққа отыр­­ғызу арқылы оны сумен қам­та­масыз ету мәселесі шешіледі. Соны­­м­ен бірге, ұзындығы 6 метрге дейін со­зы­­ла­тын қияр сабағын жоғары-тө­мен байлау әдісі арқылы оның ер­кін өсіп, мол өнім беруіне мүм­кін­­­дік­­­тер жасалады. Оған қоса, өсім­­­дік­­ті байлау бағаналарының биік­­­тігі мен енінің өлшемін есептеу не­­гі­з­інде әлгі қажеттіліктің бірі – жары­қ­­­диодт­ы шам ілінеді. Жаны мен жоғары-төменнен түскен жа­рық­тың өсімдікке оң әсерін ти­гі­зетін жарық­диодты LED шам құ­рыл­­ғысы екі түрлі түс шығара­ды. Қызыл мен жасыл түстің шағы­лы­суы нәти­же­сін­де пайда болатын инфракүлгін сәуле­нің құрамында қиярдың өсіп-жеті­луі­не қажетті энергияның бәрі бар. Ал оның өсу мерзімі мен өнім беру кезеңі әдеттегідей жағ­дай­да өтеді. Өнімнің көлемі мен құра­мын­да қандай да бір өзге­шелік орын алады деу артықтау. Тиімділігі сол, мегаполис қала­лар­дағы жертөле­лер арқылы табиғи таза өнімдер қол­жетімді бол­мақ. Мұның өзі ебін тауып, кәсіп көзіне айналдыра біл­гендер үшін әлеуметтік жағда­йын түзеп алуына бірден-бір сеп болады. «Біздің орталығымызға Ни­дер­ланд елінен мамандар келіп, жарықдиодты шамдарды кепіл­дігімен қосып, жұмыс істеу тәр­тібін жергілікті тұрғындарға үй­ретті. Мұның тілін толық меңгер­ген мамандарымыз елімізде осы кәсіп­ке қызығушылық танытқан кез келген азаматты оқытып, арна­йы курстардан өткізудеміз», – дей­ді орталықты ұйымдастыру жұмы­сы­­ның жетекшісі Татьяна Николаева. Сонымен қатар, игі істі қолға алып жүрген мамандардың сөзіне қарағанда, орталық қыз­меті ар­қы­лы елдегі шағын кәсіпкер­ліктің жан­дануына мүдделілік та­ны­тып жүрген барлық мемле­кет­тік меке­мелер мен өзге де үкіметтік емес ұйым­дармен тығыз әріп­тестік орнату көзделген. Мәсе­лен, қазірдің өзінде «Даму» кәсіп­керлікті қолдау қоры» мен жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жылыжай баптап, жыл он екі ай өнім алуға ын­талы кәсіпкерлер арнайы 3 күн­дік оқытудан өткізіле бастаған. Арнасай ауылында жүзеге асып жатқан тың жаңалықтың тағы бірі – шағын қораптарға көкөніс өнімдерін егіп, өсіру арқылы адам ағзасын пайдалы дәрумендермен қамтамасыз ету. Мұндағы жаңа­шыл­­дықтың ерекшелігі сол – ені 20x40 см шамасында, ал биіктігі 10-15 см болатын қораптарда аскөк, шалқан сынды түрлі ас мәзірлеріне қосылатын дәмдеуіштерді өсіру мүм­кіндігі. Және оны отырғызу, топы­рағын ауыстыру немесе тасы­мал­дау өте қолайлы. Бұл жерде назар аударуды қажет ететін бір мәселе – тұқымды топыраққа себу мен оны кесіп алғанға дейін бар-жоғы жеті тәуліктің жеткілікті болуы. Ал өнімнің адам ағзасына пайда­лылық әсері 40 пайыздық көр­сет­кішке тең келеді. Мұны АҚШ ғалым­дары зерттеп, дәлелдеп, соңғы 2-3 жыл ішінде әлемдік нарық­та кеңінен қолданысқа енгізе бас­таған. Ал осы орайда «Бұл жоба біз­дің елге қайдан келді?» деген сұ­рақ туындауы сөзсіз. Алматы облысының тумасы Мамырхан Қасымов АҚШ-қа «Болашақ» бағдарламасымен оқуға барып, сол жақта осы сала­мен айна­лысатын мамандармен бірлесіп, Қазақстанда оның жүзе­ге асуына білек түре кірісіпті. Осы мақсатпен ол америкалық досы Уолтер Грей­берді Арнасай ауылына шақырып, ауыл тұрғын­дарына жаңашыл идея­ның қыр-сырын үйретуде. «Бұл жоба АҚШ-тың өзінде енді-енді өріс ала бастады. Етсең – еңбек, же­сең – азық. Осы жобаны қалада өсіп жатқан балаларды еңбекке баулу әдісі ретінде де пайдаланатын ата-аналар бар. Мұның сыртын­да табиғи әрі дәруменге бай көк­өніс­тер­ге қолжетімділіктің өзі неге тұрады?», – дейді идея автор­лары. Қазақ – қағылез халық. Осы орайда тиімділік тұрғысынан бір мысалды тілге тиек етсек. Осындай игілікті істің барын Интернеттен көр­ген соң Астана қаласындағы №52 балабақша тәрбиешісі Рима Сайлы­байқызы топтағы балалармен бір­лесіп аскөк өсіруді қолға алады. Бүлдіршіндерді еңбекке баули отырып ойнатуды ұйғарған оның өсімдік өсіру тәжірибесі нәтижесіз бол­маған. Бүлдіршіндердің нұсқау­лық­­қа сай топыраққа тұқым сеуіп, өсі­ріп, ертеңгілік сабағында аскөк­ті қиып, ата-анасына сыйға тартуы олар­ды ерекше қуанышқа кенелт­кен. Мұның астарында ғажап тәлім-тәр­бие мен таным-түсінік жатқаны айт­паса да түсінікті. Ендеше, бұл әдіс­ті неге кеңінен қолданбасқа?! Расымен де, игеріп іске асыра біл­генге бұл тың идея. Себебі, біз­дің қоғамда кеңселер мен үй терезе­лерінің алдында гүл өсіріп, соған мейір-шапағатын төгіп жататындар аз емес. Ол енді әсемдік, яки эстети­ка­лық талғам үшін қажет те болар. Бірақ, мынаның артықшы­лығы өнім беруінде. Ал енді оны қалай іске асыру керек? Айталық, жұмыртқа тасымалдауға арналған қорап көлемін­дегідей ыдысқа арнайы әзір­лен­ген биогумус топырағын салып, аскөк тұқымын себесіз де, бетін жарық ішіне енбейтіндей етіп жауып, үш тәулік сақтайсыз. Осы мерзім өткен соң, қорапты ашып, күн сәулесіне 4 тәулік қоя­сыз (ол көпқабатты тұрғын үй балко­ны немесе терезе жақтауы бол­са да). Осы аралықта аскөк 13-18 см шамасында биіктеп өскен­де, қажетіңізше кесіп, турап, асы­ңызға қосасыз. Бар болғаны осы ғана. Алайда, қорап бірнеше пай­да­­ла­нуға жарамды болғанымен, оның топырағын әр тұқым себерде ауыстырып тұрған жөн. Себе­бі, өсімдік тамырдан нәр ала­тын­­ды­қ­­тан, топырақтың құнар­лы болғаны жөн. Осылайша, үлкен­ді-кішілі сан түрлі ас мәзіріне қоса­тын дәмдеуіш өсімдіктерді үй жағдайында өндіруге болады. Тіпті, қызанақ пен қиярды да осындай тәсілмен өсіруге болатын көрінеді. Асылында, мұндай көкөністерді барынша үлкейтіп өсірмей-ақ, шағындау кезінде қолданса, оның құнарлылығы мол болатыны бар. Қалай десек те, бұл өзі қазақ­тың сүйсініп жейтін жас малдың етінен жасалатын жеңсік асы немесе дәмі таңдайда қала­тын марқа қозының етіне бала­на­тын­­дай дүние. Яғни, айналып кел­генде, түп-төркіні өзі­міздің ұлт­тық бол­мысымыздың о жақ, бұ жағын­дағы ұғым бол­ғаны­мен, аме­ри­калықтардың артық­шы­лығы осы жобаны ғылыми тұрғы­дан зерттеп, саралап, қағазға қаттап-құнттап, патенттеп заманауи айналысқа енгізгені болса керек. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше