Осыған орай депутаттар алдағы сәрсенбіде кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша толықтырылатын заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде. Ал жол жүрісі туралы заңға өзгерістер енгізу туралы мәселе екінші оқылымда қарастырылатын болады.
Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы және де «2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім бұйымдары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі қанатқақты жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттамаларды ратификациялау туралы» заң жобасын қарастырады.