Парламент • 02 Мамыр, 2017

«Ұлы Даланы» көгалдандырды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған Парламент Мәжілісінің депутаттары Астанада өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

«Ұлы Даланы» көгалдандырды

Мәжілісмендер ЭКСПО-2017 кешені маңындағы «Ұлы Дала» даңғылы бойына 200-ден астам көшет отырғызды.

Даңғылдың жасыл жолағы қарағай, үйеңкі, шырша және жөке көшеттерімен толықты. Бұрынғы жылдардан бір айырмашылығы, жоғарыда аталған көшеттермен қатар, депутаттар шетен, аюбадам және тағы басқа ағаш түрлерін отырғызды.

Сенбілік қызған шақта парламентшілерге Астана әкімі Әсет Исекешев қосылды.

Сенбілікке Мәжілісте өкілдік ететін барлық депутаттық бірлестіктердің: «Нұр Отан», «Ақ жол», ҚКХП партияларының және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.

Депутаттық корпуспен бірге, сенбілікте Мәжіліс аппаратының қызметкерлері де белсенді жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • 20 Қаңтар, 2026