Аймақтар • 02 Мамыр, 2017

Жаңа сипатқа ие тұжырымдама

238 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Облыс басшысы Құмар Ақсақалов көгалдандыру мен абаттандыру мәселесі бойынша кеңес өткізіп, елді мекендердің тазалығы мен тәртібі жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында болуы керектігін ерекше ескертті.

Жаңа сипатқа ие тұжырымдама

Ауылдар мен көшелерді абаттандыру сенбіліктермен ғана шек­те­ліп қалмауы ке­рек­тігін, еңбек ұжым­дары мен аза­маттар түрлі бас­та­ма­лардың қол­даушысы, жал­ғастырушысы бо­луы тиістігін атап көрсетті.

Бас шаһарды көгалдандыру мен абаттандырудың жаңа тұжы­рым­дамасы жайлы қала әкімі Ма­рат Тасмағанбетов әңгімеледі. Би­ыл 70 шақырымға 17 500 түп кө­шет отырғызу мін­деті тұр. Олар­дың 7 500-і қа­рағай, 2 000-ы те­рек, 2 000-ы ал­ма ағашы, 2 000-ы шетен, 2 000-ы жөке, 3 000-ы қайың. Ал­ғашқы сенбілік күні ­

2 000 кө­шет отырғызылды. Бұдан басқа білім беру мекемелері – 1 200, ПИК төрағалары мен жол құрылысы ұйымдары 600 түп көшет екті. Арнайы құ­рылған бригадалар ескі ағаш­тар­ды отаумен де айналысады. Бұдан тысқары жаңадан бой көтерген «Береке» ша­ғын ауданында бір мың түп ағаш көшеті отырғызылады, деді М.Тасмағанбетов. Көгал­дан­­дыру жұмыстары аясында ау­ла аумақтарын абаттан­дыру да қоса қамтылады. Бү­гінде қаладағы «жанды қор­шау­лардың» ұзын­ды­ғы 10 ша­қы­рым­ды құрайды. Негізінен олар алма ағашы мен оның жа­байы түрлерінен жасалады. Енді ұсақ, жұмсақ жапырақты өс­­­кіндер де пайдаланылмақ. Сонда жал­пы ұзындығы 25 ша­қы­рымға созылады.

Жыл сайын осынша кө­лем­де ағаш егілетін болса, Петро­па­вл аз уа­қытта жасыл желек жа­мылған әсем қалаға айналады. Өсімдік – қа­ланың өкпесі. Оның үстіне біз­дің аймақта өсе­тін ағаштарға көп күтімнің қа­жеті жоқ, ылғал жет­кілікті, де­ді өңір басшысы 16 мың шаршы метр аумақ гүлзармен кө­м­­­керіліп, биыл 4 мың шаршы ме­тр­ге көбейтілді.

Қ. Ақсақалов ақпаратты тың­­дай келіп, ұсынылған тұжы­рым­­да­маға бірқатар түзетулер ен­гізді. Не­гізгі көшелер қам­тылған, са­ны да ұлғайған. Мұның бәрі жұрт­шы­лық үшін жасалатын акция бол­ған­дық­тан, «Коммунхоз» ме­ке­ме­сі­мен қоса кәсіпкерлерді де жұ­мыл­дырған жөн, деді Құмар Ір­гебайұлы. 1 мамырдан бастап пә­тер иелері кооперативтері үй­лер мен аула аумақтарын абат­тандыру қажеттігін еске сал­ды. Тұрғындар үйлерін, аула­ла­рын жеке қаражат есебінен жөн­деуі керек. Біз жиектастармен, басқа да материалдармен кө­мек­тесеміз. Өз қолдарымен жа­­саған дүние әрдайым жақсы бо­лады және ұзақ сақталады. Бұ­дан былай Наурыз және 1 мамыр мерекелерін аулалар­да қарсы алуды дәстүрге ай­нал­дырамыз. Осындайда адам­дар бір-бірімен араласады, қуаныштарын бөліседі, тә­жі­рибе алмасады. Оны көріп өс­кен жастардың бойында елге, жер­г­е деген отаншылдық рух ор­нығады.

Кеңесте Қазақстан Кон­с­ти­туциясы көшесін қайта жаң­ғыр­ту мәселесі де талқыланды. Атал­мыш учаскеде 24 мың шаршы метр аумақтың өрнектасы жа­ңаланады. 32 орындық пен 32 қоқыссалғыш ауыстыры­лады. Лотос үлгісіндегі шы­рақ­шам­­дар, жаңа энергия үнемдеу шам­дары орнатылады.

Облыс әкімі абаттандыруға жер­гілікті кәсіпорындарды тартуды, бағаның қолжетімділігін назарда ұстауды тапсырды.

Қайта жаңғыртудан кейін өр­нектастарды ауыстыру жаппай үрдіс алуы керек. Қаланың сә­­нін бұзып, сиқын кетіріп тұр­­ған аумақтар аз емес. Был­тыр ғана ауыстырылған кей өр­­нектастардың жарамсыз бо­лып қалғаны – сапаның тө­мен­­ді­гінен. Сырлау техноло­гия­­сын да жете меңгерген аб­­зал. Кө­­гал­д­андыру мен абат­тан­ды­­руға жа­ңаша сипат бе­рудің бар­лық мүм­кіндіктерін қа­­­рас­тыруға ти­іспіз, деді жи­ын­­ды қо­ры­тын­дылаған өңір бас­шы­сы.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы