Қазақстан • 02 Мамыр, 2017

Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Астанада 2017 жылдың 22-25 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.​

Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаевтың хабарлауынша, құрылтай барысында шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, басқа да көмек көрсету, шетелдік жастарды Қазақстанға білім алуға шақыру сынды мәселелер талқыланатын болады. 

«Құрылтайдың мақсаты - шетелдегі қазақтарды Қазақстанға көшуге ынталандыру, олардың қандай қажеттіліктері барын анықтау», - дейді Балғабаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы құрылтайға шақырылғандардың басым көпшілігі - әртүрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген шетелдік қазақ жастары. Құрылтайға 40-тан астам мемлекеттен 350 адам және әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • 20 Қаңтар, 2026