Аймақтар • 03 Мамыр, 2017

Мен бүгін әкемді ойлап толғанамын

310 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жыл­дарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әке­сінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмір­ден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмі­рін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-ти­пыл етті. Майдан даласына қаншама қазақ азаматта­ры белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды.

Мен бүгін әкемді  ойлап толғанамын

Сол сұрапыл сұм соғысқа ме­нің әкем, 1916 жылы ту­ған Слямжан Сахитов 1941 жылы мамыр айында аттан­ған екен.

Әкем 1916 жылы Шы­­ғыс Қазақстан облысы, Тар­бағатай ауданында дүние­ге келген. Ата-анасы ерте дү­ние салған. 25 жасқа келгенде әскерге алынған. Анам Күлән бір ағам, бір апайыммен қалған. Әкеммен бірге аға­сы Иманқұл, Есен, інісі Мәлік те келесі жылы соғысқа аттан­ған. Алғашында екі ай бойы Орынбор қаласында мыл­тық атуды үйреніп, жат­ты­ғудан өткен. Осы жо­лы Минск қаласында шай­қас­қа қа­тысыпты. Содан 84-атқыш­тар полкінде, 2-Беларусь май­­­данында болған. Кезекті шай­қаста мина жарылысына ұшы­рап, оң қолынан айырылып, 4 ай госпитальда болып, 1944 жылдың соңында елге ора­лады. Әкем майдандағы ер­ліктері үшін көптеген меда­ль­­дармен марапатталды.

Әкем мен ағалары Иман­құл, Есен, інісі Мәлік елге аман-есен оралады. Бұл біздің әу­лет үшін үлкен қуа­ныш еді. Ауыл­ға келген соң, Ласты ауы­лында газет-журнал, хат та­су­шы болып өмірінің со­ңы­на дейін халқына мінсіз қыз­мет ете білді. Коммунистік пар­­тия­ның белді мүшесі болды. Әкем өте ақкөңіл, орыс ті­­лін­де жетік сөйлейтін, тө­те жазумен сауатты жазатын. Кез кел­ген адаммен тез тіл та­бы­­­сып кететін жан еді. Кә­сі­бі­­нен нә­сібін теріп, ең­бе­гі­мен елен­ген әкем осы қыз­метімен зей­­неткерлікке 1976 жылы шықты.

Ол кісі он бала тәрбиелеп өсірді. Әр баласы бөлек-бөлек шаңырақ көтерді. Барлығы білікті маман иелері болды.

Әкем жыл сайын көктем­мен бірге келетін Же­ңіс тойына омырау толы ме­­дальдарын тағынып, жи­ын­дар­ға қа­ты­сып, жас жет­кін­шек­терге өз ба­тасын бе­руші еді. Шіркін, өмір­дің зулап, зы­мырап өтуін қарашы. Ол кез оралмасқа кетті.

Қайран әкем көзінің тірі­сінде «менің Кенжем ха­лық­тың балаларын бас­қа­рады»  деп отырушы еді. Сол ар­маны орындалды. Бүгінде әкем айтқандай, халықтың баласына сапалы білім, саналы тәрбие беруде талмай-шаршамай ізденудемін. Жет­кен жетістіктерім де жаман емес. Осындай соғыс ар­да­гер­лерінің ұрпақтары бол­ға­ны­мызды мақтан етеміз.

Қазір біз болашағы жар­қын, айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұр­пақ бұл азаттықтың қалай кел­генін біледі. Қазіргі таң­да қаншама елдің бірлігі бұ­з­ы­лып жатқанда біздің та­ту-тәт­ті ғұмыр кешіп жат­қа­н­ы­мыз басымыздағы ба­ғы­мыз.

Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұта­ма­сын. Ұлан-ғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бейбітшілік жасасын!


Кенжегүл САХИТОВА 

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы



Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • 20 Қаңтар, 2026