Медицина • 03 Мамыр, 2017

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің су алған өңірлеріне бұрын да материалдық көмектен бөлек қол жәрдемін тигізіп жүрген Оңтүстік жастары облыс тұрғындарын үндеу жариялады деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Бүгін Шымкенттен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тұрғындарға гуманитарлық жүк тиелген көліктер жіберілді. 

Осы жылдың сәуір айында Қазақстанның 7 өңірінде, яғни, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 52 елді-мекен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен болатын. Соның салдарынан екі мыңға жуық үй су астында қалып, 120 тас жолды су шайып кеткен.

Мұндайда халқымыз «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Бізбен бірге» еріктілер мектебі тұрғындардан заттай және ақшалай гуманитарлық көмек қабылдады.

Жалпы құны 15 миллион теңге болатын заттарды тиген жүк машинасы жолға шықты. Су алған ауылдағы қамкөңіл отбасылардың қиын жағдайына сеп болатын көмек пен жүрек жылуын алып бара жатқан жастар әрі қарай да жәрдемші болатындықтарын айтады.

Бақтияр ТАЙЖАН, 

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы