Аймақтар • 03 Мамыр, 2017

Елек өзеніне май шабақтар жіберілді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өндірісте еселі еңбектерімен көш бастап жүрген металлургтер қоршаған ортаны қорғау ісіне де ешқашан бейжай қарамайды. Жылдағы жақсы дәстүрдің жалғасы ретінде биыл да «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы –Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ұжымы Елек өзеніне 46 мың 290 майда шабақтар жіберіліп, балықтандыруға өз үлестерін қосты.

Елек өзеніне май шабақтар жіберілді

– Табиғатты қорғау шаралары зауыттықтардың күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі де бірегейі. Үш жылдан бері металлургтер Ақтөбедегі Елек өзенін балықтандыруға бір кісідей атсалысып, игілікті шараны тұрақты өткізіп келеміз. Биыл да осы шараны ойдағыдай іске асыруға зауыт әкімшілігінен 3 миллион 900 мың теңгеге жуық қаражат бөлініп, «Ардағым» шаруа қожалығынан майда, тез көбейетін тұқы балықтар сатылып алынды. Әрдайым осындай игі істердің ұйытқысы болып жүретін металлургтер көктем айы басталысымен өздерінің жұмыс орындарын абаттандырып, көгалдандырып, ағаш отырғызып экологиялық мәселелерді оңтайлы шешуге атсалысып келеді, - дейді осы істің басы-қасында жүрген энергетикалық қамтамасыз ету басқармасының инженер-энергетигі Оралхан Кауметов.