Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасында дипломатиялық қатынастың орнатылғанына 25 жыл толады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ширек ғасыр ішінде қазақ-герман қатынасы жоғарғы даму деңгейіне жетті, екі ел арасында сенімді және мазмұнды диалог орнады.
Берік құқықтық база құрылып, қомақты көлемде диалогтық алаңдар мен институттар – Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы, Қазақ-герман іскерлік кеңесі, Орталық Азиядағы герман экономикасының өкілдігі, Берлин Еуразиялық клубы және т.б жұмыс атқарады.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы ақпан айында Берлинге жасаған сапары мен Германияның канцлері А.Меркельдің 2010 жылы Астанаға жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа айтарлықтай түрткі берді.
Қазақ-герман сауда-экономикалық қатынасы тұрақты нығаюда және өзара экономикалық өзара іс-қимылға жаңа мүмкіндіктер іздестірілу үстінде. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының шетелдік инвесторларының арасында Германия басты ондыққа және мемлекетіміздің сауда серіктестігінің басты бестігіне кіреді.
«Соңғы жылдары Қазақстан герман компанияларымен бірлесіп құрылыс, сауда, өнеркәсіптік өндіріс және кен орындарын өңдеу салаларында 19 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Siemens, Knauf, MetroCash&Carry, Heidelberg Cement, Quaesta Capital, Linde AG және басқа да неміс компаниялары еліміздің ірі әріптестері болып табылады», - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Германия арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы ортақ Келісімнің іске асырылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуында маңызды рөл атқарады.
Германия баламалы энергия саласындағы жаңа зерттемелерді ұсына отырып, Қазақстанда ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу және оған дайындалу барысына белсенді қатысады.
2012 жылдан бастап Қазақстанда қосарлы кәсіптік-техникалық білім беру саласында «Назарбаев-Меркель» бастамасы бойынша германдық модель енгізілуде. Бұл бастаманың мақсаты – Германияның кәсіптік палатасының алдыңғы қатарлы тәжірибесін кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту үшін қолдану. Қазақстан мен Германия басшыларының бастамасы аясында халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамы желісімен Қазақстанда басқару кадрларын даярлау бағдарламасы іске асырылуда.
Экономикалық ынтымақтастықтан басқа, Қазақстанда тұратын және Қазақстаннан Германияға қоныс аударған этникалық немістер мәселесіне үлкен саяси және тәжірибелік мән береміз, себебі бұл екі ел арасындағы «байланыстырушы көпір» болып саналады. Бұл жағдай біздің өзара өзара іс-қимылымыздың маңызды бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар, 2016 ж. 8 қыркүйекте Берлин қаласында кезекті отырысы өткен Үкіметаралық комиссияның қызметі маңызды рөл атқарады.
Қазақ-герман уағдаластығының рухы мен қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан мен Германия өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыруда және біріккен даму мен гүлденуге өз үлестерін қосуда.