Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 25 қаңтардағы Үндеуі қазіргі саяси жағдай мен саяси өмірдің талаптарына толық жауап береді.
Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу – ішкі және халықаралық өмірдің күрделілігі артып, сыртқы әлемнің даму динамикасының өзгеруіне байланысты болып отыр. Өзгерістер саяси жүйені толықтай демократияландыру мақсатын көздейді, өйткені, билік тармақтары арасында теңгерімдік болмаса, тиімді басқару да мүмкін емес. Егер басқару жүйесінде диспропорция болса, ол басқарудың тиімсіздігіне соқтырып, биліктің беделін түсірер еді.
Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған реформалар – бүгінгі Қазақстанның ішкі және сыртқы ортасына берілген сарабдал саяси баға және терең сарап. Әлемнің көптеген көшбасшылары дамудың динамикасына уақтылы жауап бере алмағандықтан және елдің алға басуына мүмкіндік беретін қадамдарды жасай алмағандықтан жеңіліс табады.
Ұсынылған реформа бойынша Президент өз өкілеттігінің бір бөлігін Парламент пен Үкіметке береді. Ал Президент өзіне билік тармақтары арасына жоғарғы арбитр, яғни, төреші болу, сыртқы саясаттың бағдарын анықтау және елдің қорғаныс мәселелерін шешу сияқты стратегиялық функцияларды ғана қалдырады.
Осы бөліністің тиімділігі қандай болмақ? Президенттің өзі әлемде мемлекеттік құрылыстың әмбебап моделі жоқ екенін алға тартып, бәрі де ізденіс үстінде екенін айтады. Қалай десек те, реформалар жоспары – осы заманғы қатерлерге деген Қазақстанның соңғы 25 жылда жинаған тәжірибесіне негізделген жауаптар. Елдің қай бағытта жүруі керектігін сұрағанға берілген қазақстандық жауап осы.
Ұсынылған реформалар аса маңызды болғандықтан, Президент оны бүкілхалықтық талқылауға шығарып отыр. Меніңше, бұл Қазақстандағы халық билігін іске асырудың аса маңызды аспектісі, өйткені, ол елдегі конституциялық тәртіп пен саяси құрылым сияқты ең маңызды мәселелер бойынша халық дауысының қатты шығуына мүмкіндік береді. Бұл халықтың өзі сенген Көшбасшының қол астында болашағын құрғысы келетіндігінің дәлелі.
Әрине, билік өкілеттіктерін қайта бөлу мен теңгерімділікке жету оңай шаруа емес, өйткені, оның дайын үлгісі жоқ. Бәлкім, Қазақстанның тәжірибесі табысты болып, тәуелсіздік пен демократияның даңғыл жолына түсірсе, оны басқа елдер өзіне үлгі етіп алуы мүмкін.
Татьяна ДРОНЗИНА,
К.Охридский атындағы София университетінің профессоры,
ҚХА медиация орталығы кеңесінің сыртқы сарапшысы (Болгария)

Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 14:30
14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды
Технология • Бүгін, 14:18
Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 14:08
Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55