Шеруге облыстың 73 мектебінен 4500 бала қатысты. Әр ауданның ауылдарынан, қалалық мектептерден 100 оқушыдан келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараны өткізуге жергілікті бюджеттен 65,1 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Trust» компаниясы 49 миллион 950 мың теңге демеушілік көмек көрсетіпті.
Үрмелі оркестрлер ұжымы, әр ұлттың ішекті аспаптары, барабаншылар, маржорет, черлидер бағаны, би және хор ұжымдары бірлесіп орындалды. Қызықты репертуарлар көрсетілді, әртүрлі музыкалық аспаптарда ән айтылды. Кішкентай көрермендер ойындар мен ойыншықтар патшалығында «Волшебные секреты веселого лета» атты қуыршақтар балын тамашалады.
Ертіс өзені жағасындағы орталық сахнада балабақша тәрбиеленушілері, «Бүлдіршін» облыстық конкурсы лауреаттарының концерті өтті. Кішкентайларды жағалауда ашылған «Көркемдік шеберхана» ерікті суретшілер шеберханасы, «Кішкентай ханшайым» сұлулық салоны, «Солнечная карусель» аттракциондар қалашығы, «Шаттық» алаңы сияқты көңілді ойындар мен конкурстар, аниматорлар қарсы алды.
Облыс орталығындағы Оқушылар сарайының - «Анастасия», «Блэйз», «Вдохновение», «Splash» үлгілі би студиясы; «Жас дәурен», «Музыкальный квартал», «Свет звезды», «Дебют» вокал студиялары, «Арман-шоу» театр-студиясы, «Жас екпін» домбыра ансамбілі, «ЖасҰлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары, жас еріктілер, КВН ойыншылары ән салып, би билеп, түрлі ойындар көрсетіп белсенді қатысты.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан