ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017

«Ақылды ауыл шаруашылығы»

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстанда алғаш рет Энерге­тика жөніндегі XІІІ халықаралық IEEE және Еуразиялық SIBCON-2017 конференциясы өтті. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ұйымдастырған шараға әлемнің он мемлекетінен 120-дан аса ғалым қатысты.

«Ақылды ауыл шаруашылығы»

«Бағдарламаға Қазақстан, ТМД, АҚШ, Германия, Польша, Украина, Беларусь, Иран, Сирия, Египет елдері ғалымдарының 167 жұмысы енді. Конференцияда телекоммуникация мен энергетика саласының өзекті мәселелері талқыланып, желіні басқару, сымсыз технология, интернет-дүниелер (IoT), энерготиімділік, компьютерлік өлшеу технология­сы, сигналдарды өңдеу, робототехника және басқа да салаларға қатысты зерттеулер ұсынылды», деді ұйымдастырушылар.
Басқосуда «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айым­бетов еліміздің ғарыштық технологиялар саласындағы жетістіктері туралы баяндама жасады.
Қазақ агротехникалық уни­вер­ситетінің ректоры Ақыл­бек Күрішбаев электро­ника мен электротехника сала­сының жетістіктерін ұтымды қол­дану­дың ауыл шаруашылығы саласы үшін ерекше маңызды екенін жеткізді. «Әлемде «smart agriculture» – «ақылды ауыл шаруашылығы» кең тараған. Автоматтандырылған жүйелер бұрын адамдар қолмен істеген еңбегін компьютер арқылы мыңдаған шақырымнан бас­қаруға мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, компьютер адам­ға қарағанда, жерге қандай тыңайт­қыш керектігін, қалай суару керек екенін дәл есептейді. Бұл тыңайтқыштарды қолдану­ды 30 пайызға азайтуға, өнім­нің өзіндік құнын арзандатуға мүм­кіндік береді. Әрі қоршаған орта үшін де қауіпсіз», деді уни­верситет ректоры. Оның айтуынша, осындай озық технологиялармен танысып, оларды Қазақстан жағдайына бейімдеу үшін ғылыми басқосулардың маңызы зор.
Жиыннан соң, SIBCON бағ­дарламасы аясында «National Instruments» компаниясы дәс­түрлі «Компьютерлік өлшеу технологиясы» көрмесі мен симпозиумын ұйымдастырды.
 

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55