Қазақстан • 06 Шілде, 2017

Қазақстанның абырой-беделі арта берсін!

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Түркі әлемінің ақсақалы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні және Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын. 

Қазақстанның абырой-беделі арта берсін!

Биылғы жыл – ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месінің өтуіне байланысты Астана үшін ерекше жыл. ЭКСПО көрмесіндегі Түркия­ның павильоны – ең үлкен және әдемі павильон­дардың бірі. ЭКСПО ғимараттарының құрылы­сына қазақ бауырларымызбен бірге түрік құры­лыс­шыларының да сіңірген еңбегі орасан зор. 
Сонымен қатар, биыл дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың орнағанына 25 жыл толды. Астананың көркейіп, Қазақстанның халықаралық аренада абырой-беделінің арта беруін тілеймін. Астана күні құтты болсын! 

Невзат УЯНЫК,
Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі