Аймақтар • 06 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстан университеті Астана күніне ерекше сый жасады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырған іс-шара Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Солтүстік Қазақстан университеті Астана күніне ерекше сый жасады

Астана күніне арналған акцияда жаппай синхронды жаттығуларға 850 адам қатысты. Шараға Спорттық гір көтеруден халықаралық федерацияның президенті Анатолий Ежов пен Лондонда орналасқан штаб-пәтердің өкілдері арнайы келді.

«Іс-шара барысында Гиннестің рекордтар кітабының лондондық штаб-пәтері ұсынған жаттығуларды жаппай синхронды орындау бойынша бір мезетте ойдағыдай орындап шықтық. Осылайша, Гиннестің рекордтар кітабының спорттық аталымында жаңа есім пайда болды», – дейді университеттің тәрбие жөніндегі департамент директоры Бибігүл Дүйсенбаева.                

Арнайы сертификат екі айдан кейін табыс етіледі.

Қатысушылар сондай-ақ оқу ордасының 80 жылдығына арнап ауқымды флешмоб ұйымдастырды.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
СолтүстікҚазақстан облысы