Аймақтар • 01 Қазан, 2017

Ұзынағашта «Анаға тағзым» атты мәдени-әдеби іс-шара өтті

561 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаштың Мәдениет үйінде Дүниежүзілік Қарттар күнінің құрметіне «Анаға тағзым» атты мәдени-әдеби  іс-шара өтті

Ұзынағашта «Анаға тағзым» атты мәдени-әдеби  іс-шара өтті

Өмірін өнегемен көрікті еткен Ардақты Ана Сонымбүбі Құданалықызы Ғайнанова шаңырақ киесі болған, қазақтың қатардағы көп балалы отбасын бірлігін ұйытып ұстаған абзал ананың бірі еді. Өмір университетін бітірген аяулы ана өз құрсағынан 11 бала өсіріп, ұлын ұяға қондырып, қызын қияға ұшырды. Ұзынағаштағы еске алу салтанатында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген мемлекет және қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева бүгінгі бұл шараға «сауабы мол, тағылымы зор» деп бір сөзбен тұжырымдап зор баға беру тетктен тек емес. «Әдетте біздер мұндай шараларды танымал азаматтарға, оның үстіне мемлекеттің немесе ұйымның атынан өткізіп дағдыланғанбыз. Бүгінгі бұл кешті мен қарапайым қазақ анасын құрметтеудің нағыз отбасылық үлгісі деп бағалар едім. «Рухани жаңғыру» аясында ол еліміздің әр бұрышында жалғасын тауып жатса құба-құп» деген Шәмша Көпбайқызы «Отан отбасынан басталады» деген қағидаттың растығын жиналған қауымның алдында тағы бір паш етті.

Ұлы Әли Оқаповтың «Жарасты жанұя» атты әнін жан сезімімен тебірене орындаған қазақтың сүйікті әнші қызы Роза Рымбаева ән арасында анаға құрметтің қандай болатынын өз отбасынын мысал келтіре отырып қызықты әңгіме шертті. Ешқандай регламенттіз жүрек қызуымен, жан жылуымен өтіп жатқан салтанатта күллі зал Розасымен қосылып «Ана туралы жыр» мен «Анаға сәлемді» шырқады.

Өткен өмір жолында 4000-нан астам шәкіртті алдынан өткізген ұлағатты ұстаз Орынша Қарабалина-Қазыбекова Сонымбүбі ананың қолынан дәм татқанын айтып, бүгін сол ананы құрметтеудің нағыз үлгісіне тәнті болғанын жасыра алмады. «Батыс келіп жалаңаштып, Шығыс келіп тұмшалап» жатқан рухани құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтауда баршаға ой салар салтанат деген Халық батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «біз бүніг осы залда жас дем кәрі дей анамаызды еске түсірдік, анамызды сағындық...» деді. Халық пен сахнаның арсындағы шеп алынып тасталды. Өйткені, бүгінгі салтанаттың бас тақырыбы – Ана еді. Халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз ән соңынан биязы мінезімен бас иіп, анасын, Сонымбүбі жеңгесін есіне алды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Динара Нөкетаева бас болып «Анаға тағзым» атты иллюстрациялық көркем кітаптың тұсауын кесті.

Қаршадай ғана қырғыз қызы Сонымбүбі Алатау асып Жамбыл еліне келін болып түсіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Шаяхмет Ғайнановпен бас қосқанда екі елдің арасында ата дәстүріне сай жорға жүретіндей дәнекер боларын біліп пе? Кештің жүргізушісі – Жамбыл ауданының құрметті азаматы, жазушы-ақын Манарбек Ізбасаров қуанышқа құтты босын айта келген Сонымбүбі апаның төркіндеріне Қырғысзстанның халық артистеріне сахна төрін қошаметпен ұсынды. Сол-ақ екен екі елге тел болған «Алатау» мен «18 жас» әндері сахна жаңғыртты. Халықаралық байқаулардан жүлде алып жүрген аудандық «Сүйінбай сазы» ансмблінің әншілері мен күйшілері өнерін аямады. Ақындар мен батырлар елінің өнер қырандары өлең-жырдан шашу шашуды да ұмытпады.

Аудан әкімі Жандарбек Далабаев «Саурық Батыр» ауылының ғана емес күллі ауданның анасы атанған Сонымбүбі ананың Ұрпағына – Ғайнановтар әулетіне мұндай салтанатты кештің Дүниежүзілк Қарттар күніне үйлесіп өтуіне мұрындық болғаны үшін алғыс айтты.

Талғат Сүйінбай,

"Егемен Қазақстан"

АЛМАТЫ

Суретті түсірген Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ.