Жақсылық Омар 1980 жылы Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2001) мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін (2010) бітірген.
2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы, "Қазақстан" РТРК" АҚ "Астана" ТРК дирекциясы директорының орынбасары, "Арнамедиа" Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ бас менеджері, 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы, 2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың қарашасында Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН