Аймақтар • 08 Наурыз, 2019

«Қара сиқыр» құпиясы

1078 реткөрсетілді

Қазығұрттық кәсіпкер соңғы жылдары Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында раушан гүлдерін са­тылымға шығаруды дәстүрге ай­нал­­дырған. Өткен жылы саудаға 45 мың данасы шығарылған, биыл 50 мың данаға жеткізілмек. 

Гүл өсірумен айналысатын «Гүл Мансур» ЖШС 2013 жылы құрылған. Жоба­ның кұны – 15 млн теңге. Қазіргі таңда серік­тестіктің меншігінде 2,5 гектар егістік жер бар. Оның 1,5 гектары жылыжай. Онда «Черная магия» тұ­қымды раушан гүлі өсірі­леді. 

«Черная магияңыз» таби­ғатта қара раушанға ұқ­сас келетін «Қара си­қыр» екен. Ал қара раушан, яғни «халфетти» гүлі тек қана жаз айында және түрік­тердің Альфетти аталатын ауы­лында өсетіні мәлім. Де­ректерге сүйенсек, жер­гілікті тұрғындар өз жерлерінде өсетін қара рау­шанды мақтан тұтып, оны мұңның, құпияның, үміттің, құмарлықтың нышаны ретінде таниды. Ал ұқсастығы болмаса, түр-түсі мен тұқымы бөлектеу қазығұрттық «Черная ма­гия­ның» құпиясы – қыз-келін­шектерді құмар ететін си­қырында болып тұр. Айта кетелік, серіктестікте көктемде, яғни маусым кезінде жұмысшылар саны 25-ке жетіп, әрбіріне 70 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Жақсылық жүрек жылытады

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар