12 Желтоқсан, 2012

Сот Челахты өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесті

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сот Челахты өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесті

Сәрсенбі, 12 желтоқсан 2012 7:28

Талдықорғанда әскери қызметші Че­лах­қа қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот қарауы аяқталды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ау­данаралық әскери соттың үкімімен Челах Қа­зақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-баптың 2-бөлігіндегі «а, в, д, к» тармақтарында, 172-баптың 1-бө­лі­гінде, 175-баптың 2-бөлігіндегі «б, в» тармақтарында, 255-баптың 3-бөлігіндегі «а» тармағында, 251-баптың 1-бөлігінде, 387-баптың 2-бөлігінде, 373-баптың 1-бөлігінде және 145-баптың 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағандығы үшін айыпты деп танылды.

Сәрсенбі, 12 желтоқсан 2012 7:28

Талдықорғанда әскери қызметші Че­лах­қа қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот қарауы аяқталды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ау­данаралық әскери соттың үкімімен Челах Қа­зақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-баптың 2-бөлігіндегі «а, в, д, к» тармақтарында, 172-баптың 1-бө­лі­гінде, 175-баптың 2-бөлігіндегі «б, в» тармақтарында, 255-баптың 3-бөлігіндегі «а» тармағында, 251-баптың 1-бөлігінде, 387-баптың 2-бөлігінде, 373-баптың 1-бөлігінде және 145-баптың 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағандығы үшін айыпты деп танылды. Осылайша Челахқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, ол жазасын ерекше режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Сонымен қатар, сот талқылауы барысында Челах әскери қызметін өтеген 2 484-әскери бөлімінің өкілдері сотталушыға 7 847 373 теңге көлемінде материалдық залалды өтеуге талап қойды. Соттың өкімімен аталған талап толығымен қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, сот жәбірленуші тарап өкілдерінің Т.Н.Ким, А.А.Саринов, А.К.Әмерғалиев, И.М.Сисенов және Т.Сәрсенбаеваның Челахтан моральдық шығын өтеу туралы талаптарын жартылай қанағаттандырды. Сот Челахтан зардап шегуші тараптың әрқайсысына 5 млн. тең­геден, яғни барлығы 25 млн. теңге өндіруге үкім етті.
Бұған қоса сот Челахтан мемлекет кірі­сіне сот сараптамасына жұмсалған 803 442 теңге көлеміндегі сот шығындарын өн­діруге қаулы шығарды.
Үкімге 15 күннің ішінде наразылық біл­діруге немесе қайта шағымдануға болады.

«Егемен-ақпарат».