27 Сәуір, 2012

Түсіндіру жүргізілді

404 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түсіндіру жүргізілді

Жұма, 27 сәуір 2012 1:29

Мемлекет басшысы құқық қор­ғау органдарының кадрлық әле­уе­тінің сапасын жақсартуға, сонымен бірге қоғам алдында олардың қызметінің ашықтығына тұрақты түрде назар аударып келеді. Осы мақсатта Президенттің «Қазақ­стан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ке­зектен тыс аттестаттаудан өт­кі­зу туралы» Жарлығы да шықты.

 

Жұма, 27 сәуір 2012 1:29

Мемлекет басшысы құқық қор­ғау органдарының кадрлық әле­уе­тінің сапасын жақсартуға, сонымен бірге қоғам алдында олардың қызметінің ашықтығына тұрақты түрде назар аударып келеді. Осы мақсатта Президенттің «Қазақ­стан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ке­зектен тыс аттестаттаудан өт­кі­зу туралы» Жарлығы да шықты.

Қазіргі уақытта аталған Жар­лықты жүзеге асыру мақсатында, Бас прокуратура кешенді іс-ша­раларды бастап кетті. Көп кешік­пей кезектен тыс аттестаттаудан 4 жарым мыңнан астам прокурорлар өтеді. Осыған орай кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің мақ­саты мен тәртібі туралы барлық деңгейдегі прокуратура органда­рының жеке құрамына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Прокуратура органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің ашықты­ғын қамтамасыз ету үшін, Бас прокуратураның www.prokuror.kz ресми сайтында «Прокуратура ор­гандарының қызметкерлерін ке­зектен тыс аттестаттау» атты арнайы айдар ашылды. Бұл айдар кезектен тыс аттестаттауды өткізу тәртібінің бұзылу деректері туралы, сондай-ақ прокуратура ор­гандарының аттестаттауға жататын лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар жасауы, қызметтік әдеп нормаларын сақ­тамауы туралы Бас Прокурорға тікелей өтініш жіберуге арналған.

«Прокуратура органдарының қызметкерлерін қайта аттестаттау» атты бөлімге түсетін мәлі­меттер және оған кірген адам­дарға қатысты ақпараттар құпия болып табылады, азаматтардың өтініштері тікелей біздің арнайы электронды мекен-жайға түседі, олар Бас прокуратураның сайтында көрсетілмейді. Жеке және заңды тұлғалардан түсетін мәлі­меттер прокуратура органдары­ның тек құзырлы қызметкер­ле­ріне ғана қолжетімді болады, қа­жет болған жағдайда қызметтік тексеру жүргізіледі, ал өтініш­терді қараудың нәтижесі кезектен тыс аттестаттау кезінде комис­сия­­ларда ескеріледі.

Роза ДОСЫМБЕКОВА, Бас прокуратураның кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары.