Кездесу барысында екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің ашылу мәселесі талқыланды. Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының халықаралық бағыттарға ұшу географиясын кеңейту жөніндегі жұмыс аясында «SCAT» әуе компаниясына Нұр-Сұлтан – Прага – Нұр-Сұлтан халықаралық әуе бағытына ұшу сертификатын берді.
Компания осы жылдың маусым айынан бастап, аталған бағытта аптасына 2 рейс жиілігімен Boeing-737 ұшағында тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуеті мен туристік саласын дамытуға ықпал етеді.
Сондай-ақ, осы кездесуде Чехияда өндірілген шағын авиацияның ұшақтарын жеткізу және елімізде ұшқыштарды дайындау мәселелері талқыланды.