Салтанатты шеруде облыстық полиция департаментіне қарасты басқармалар мен бөліністердің 800-ге жуық қызметкері сап түзеді.
Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин тәртіп сақшыларын айтулы оқиғамен құттықтап, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау саласында ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етулеріне тілектестік білдірді.
Сонымен қатар, жас қызметкерлерді Қарағанды облыстық Ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейісов те құттықтап, батасын берді.
Салтанатты шара барысында жедел қимылдайтын арнайы жасақ сарбаздарының көрнекі жаттығулары көрсетіліп, соңынан полиция қызметкерлері мен арнайы техникалар шеруі ұйымдастырылды.
Қарағанды облысы