Тарих • 09 Тамыз, 2019

Әбілпейіздің хаты

1185 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы 1755 жылдары Цин империясы Жоңғар хандығын жер бетінен жойып жіберді де, Қазақ ұлысы Қытайдағы манжулар әулеті басқарған патшалықпен бетпе-бет түйісті.

Әбілпейіздің хаты

Осы тұста қазақ хан-сұл­тан­дары мен Цинь императо­ры арасында хат-хабар ал­ма­су ісі жолға қойылды. Бұл үр­діс 1754 жылдан бас­тап, 1780 жылдарға дейін үз­­дік-соз­­дық жалғасқан сы­ңайлы.

Жуықта Бейжіңде қытай тілінде 2006 жылы жарық көрген «Цинь патшалығы тұсындағы қытай-қазақ қаты­настары жайлы архивтік құжаттар» атты екітомдық еңбекті көріп қалдық. Осы кітап­тың бірінші томында 1754-1762 жылдарды қам­ти­тын 269 түрлі іс-құжат, екін­ші томында 1762-1764 жыл­дарға тиесілі 239 түрлі іс-құжат жинақталған көрінеді.

Осы еңбектің 199-бетінде: «Қазақ­тың Әбілпейіз баһадүр сұлтанының манжу ханына жолдаған хаты» деген құжат тұр. Хат көне ойрат-моңғол тілін­де жазылған. Хат иесі «Әбілпейіз сұлтан кім» дегенге тоқталсақ, бұл кісі Орта жүзді басқарған Әбілмәмбет хан­ның баласы. Қазақ тарихын­да бұл тұлғаға қатысты «Қы­тай­мен дипломатиялық бай­ланыс орнатып, қазақ-қытай қатына­сының дамуына зор үлес қосқан һәм жоңғарға қарсы соғыста Абылай хан саясатын қолдаушы» деген баға беріліпті. 1783 жылы дүниеден өткен екен.

Жоғарыдағы хатты қазақ сұлтаны Цинь патшасының мұра­гері Нуу амбыға (лауа­зым­ды атақ) 1758 жылы жол­даған көрінеді. Хатта «Абул­пейістің хаты. Нуу амбы және сарай нояндарына сала­мат болсын. Мәлімдеймін: буруд­­тың және үш серігін кері қайтар­ғанда, олар­дың ат-көлігі мен азығын қада­ға­­лау­ды өтінемін» делініп, хат­тың соңын­дағы жүзік-табан мөрде «Абу-л-Файз-Бахад­ур-султан» деген белгі бәдізделіпті.

Аталған хатпен таныс­қан көне ұйғыр-моңғол жазуы­ның маманы, аста­на­лық жас әдебиетші-ғалым Асыл­бек Байтанұлы, бұл құ­жат сол кездегі ше­каралық керуен­шілерге қатысты жол­данған хат, мұндағы «буруд» деп отыр­­ғаны – қырғыз-хакастар, яғ­ни бұларды Ресей өкіметі ой­­рат­тардан босаған жер­ге қо­ныс­­тандыру үшін Хакасия­дан айдап әкелген жұрт еді дейді.